«Рөлде отырып ұйықтап кеткен»: жантүршігерлік жол апаты болды

3711
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«03 мамыр күні сағат 11.30-да "ВАЗ-2105" автомашинасының 33 жастағы жүргізушісі Қызылорда облысының тұрғыны "Самара-Шымкент" автожолымен жүріп келе жатып, "Тұлпар" кемпингінің жанында Қызылорда қаласының тұрғыны, 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Камаз" жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды»,– деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы 4-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы ПД бастығының айтуынша, ЖКО-ның негізгі себептері жол қозғалысы ережелерін елемеу, атап айтқанда жылдамдық режимін сақтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу және рөлде ұйықтау болып табылады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер