Мұрат Әйтенов: Қаламызды таза ұстау баршамыздың міндетіміз

2857
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен қаладағы тазалық жұмыстары мен көріктендіру бойынша көшпелі жиналыс өтті. Онда аудан әкімдері мен басқарма басшыларының санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

«Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының басшысы қаладағы 211 нысанға (саябақ, сквер, ескерткіштер, субұрқақ) күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге биыл бюджеттен 3 млрд 323 млн теңге бөлінгенін айтты. Оның ішінде «Көк», «Чумчак», «Сайрам су сай» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп биыл аяқталады.

Жиында қала әкімі қаламызды таза ұстау алдымен әрбір қала тұрғынының, одан кейін тиісті мердігерлердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.

- Қаладағы үлкен көшелерді аудан әкімдіктері, үй айналасын кондоминиум, сауда нысандарының тазалығына келісімшартпен кәсіпкерлер жауапты болулары керек. Тазалықта иесіз жер болмауы тиіс. Мердігер мекемелер аудан әкімдіктерімен ете жұмыс жасауы қажет. Енді оларға әлеуметтік желідегі сын-шағымдар дәлел ретінде қабылданып, айыппұл салынатын болады. Аула ішіне тұрғындармен келісімшарты бар мекемелер жауапты. Сондықтан тұрғындар арасында тазалықты насихаттап, көптер насихаттық баннерлер ілінсін. Үшінші мегаполис ретінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына бой түзейміз. Қала тазалығы маңызды. Қолайлы ара-райы бар қала таза болуы керек. Қаламен бірге тұрғындар санасы да дамуы тиіс, - Мұрат Әйтенов.

Қала әкімі жыл басынан әр ауданға тазалықты қатаң бақылау мақсатында 4 экологиялық маман бөлінгенін, алдағы уақытта олардың санын онға дейін көбейтуді тапсырды. Құрылыс қалдықтарын тастаушыларға нөлдік төзбеушілік көрсетуге, полиция қызметкерлерін бұл жұмысқа белсене қатысуға шақырды. Бейнебақылау қою жерлер қажеттігі болса ұсыныс енгізу керектігі айтылды.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын үнемдеу үшін көп жылдық гүлдер егуге көшуді жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер