Шымкентке жыл басынан бері 500-ге жуық қандас қоныс аударды

2997
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласына жыл басынан бері көшіп келген 340 отбасындағы 464 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың басым көпшілігі, яғни 448 адам көрші Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған. Сондай-ақ, атажұртқа Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен де қандастарымыз көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанып отыр.

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында қалада 11 жылдан бері Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» қызмет көрсетуде. Орталық мамандары ҚР заңнамасына сәйкес, елге оралған азаматтарға 6 ай мерзімде бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін ұсынады.

Қазіргі таңда мұнда 14 отбасы құрамындағы 29 адам елге бейімделуде. Тіпті түрлі мамандықтар бойынша тегін оқу курстары қарастырылған. Қандастарға барлық сұрақтары бойынша ақпараттық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер