Шымкентте «Ашық бухгалтерия» жобасы қолға алынды

2924
Adyrna.kz Telegram

Бұл жөнінде білім басқармасының басшысы баяндады.

Шымкент қаласының білім саласында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қағазбастылықтан арылу мақсатында 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі 100 пайыз автоматтандырылған. Білім беру ұйымдары толығымен сенім байланыс орталықтарымен және «OPEN ЅРАСЕ» кабинеттерімен қамтамасыз етілді. Мектеп директорларының кабинеттері сыныптарға беріліп, кабинеттері бірінші қабатқа көшірілді.

Нәтижесінде арыз-шағым 75 пайызға, қағазбастылық 100 пайызға төмендеген.

Одан бөлек, бюджеттің ашықтығын қалыптастыру мақсатында «Ашық бухгалтерия» жүйесіне көшу үшін пилоттық жоба ретінде басқармаға қарасты 7 мекемеде (3 мектеп, 4 балабақша) жұмыстар басталды. Нәтижесінде нақты қалдықтарды талдау арқылы шығындарды тиімді жоспарлауға, бюджет қаражатын тиімді бөлуге, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, шоғырландырылған есептіліктен бастапқы құжатқа дейін ашық есеп жүргізуге мүмкіндік туады.

Шаһар басшысы пилоттық жобаны барлық білім беру ұйымдарында қолға алуды тапсырды.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер