Жыл басынан бері 32 нысанға мониторинг жүргізілді

2712
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан заңсыз және заң талабын бұзып салған құрылыстар бойынша мониторинг жүргізілуде.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Н. Архабаевтың айтуынша, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары Темірлан тас жолы, Желтоқсан көшесі, Қонаев, Бәйдібек би даңғылы, Арғынбеков көшелері бойынша атқарылды.
Атап айтқанда, Заң талаптарын өрескел бұзып, құрылыс нормалары мен заң талаптарын сақтамай өз бетінше салынған (салынып жатқан), құрылыс мерзімі ұзақ уақыттан бері тоқтап тұрған, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізілген нысандарға тиісті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына 32 нысан жолданды.

Сондай-ақ, шаһарда аудан әкімдіктерімен бірлесе ретсіз (заңсыз) орналастырылған сыртқы жарнама нысандарына рейдтік іс-шаралар жалпы қала көшелері мен даңғылдарда жүргізілді.
ІІ-тоқсанда Еңбекші және Қаратау аудандарында ретсіз (заңсыз) орналастырылған сыртқы жарнама нысандарын заңдастыру бойынша жұмыстар қолға алынады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер