Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы қаза тапты

4353
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы Халил Улуер әйелі Фатмамен бірге апаттан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Халил Улуер табысты кәсіпкер болған. Ол өз елінің патриоты ғана емес, сонымен бірге қазақ халқының шынайы досы болды. Ол түркі әлеміне тәнті болған, Түркияда Қазақстанның туын мақтанышпен көтерген табысты кәсіпкер еді. Пандемия кезінде студенттерге көмектесті, сонымен қатар Түркиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге қатысты, - деп жазды Сапарбекұлы.

Сонымен қатар, Халил Улуер үнемі инвестицияларды тарту мақсатында кездесулер мен келіссөздер өткізіп тұрды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер