Шекаралық бақылаудың заманауи әдістері

3057
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 19-23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының  «Таулы қырат» шекаралық бақылауды тексеру полигонында Біріккен Ұлттар Ұйымы есірткі және қылмыс басқармасы Орталық Азия мемлекеттері үшін «Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және терроризмнің алдын алуға қарсы күрес» бағдарламасы аясында дәріс оқыды.

Осыған орай трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту жөнінде Жапония үкіметінің қаржылық қолдауымен мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарына, пойыздарға, жүктер мен тауарларға қатысты тексеру операцияларын жүргізу кезінде бақылаудың қазіргі заманғы әдістері бойынша өңірлік оқу курсы ұйымдастырылды.

Оған еліміздің әр өңірінде орналасқан департаменттеріне қарасты  шекарашы бақылаушылар мен қаржы министрлігі кіріс комитетінің өкілдері және Орталық Азия мемлекеттері ( Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ) автомабиль және теміржол өткізу пунктерінің шекара және кеден  қызметтерінің орта буын құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылды.

Аталмыш шара еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты аралас форматта жүзеге асты. Атап айтқанда, ZООM платформасы арқылы онлайн режимінде қосылатындар үшін қашықтықтан оқытылды.

Шара барысында, шекарашылар мен кеденшілер шекаралық бақылау кафедрасының заманауи үлгіде бой көтерген жаңа ғимараттарын аралады.

Бес күнге созылған оқу курсы басқа да елдер арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық және ақпарат алмасу, сондай-ақ автомабиль көлік құралдарын, жүктер мен пойыздарды тексеру кезіндегі бақылаудың заманауи әдістері сияқты тақырыптарды қамтыды.

Оқу курсын Латвия Республикасының Кедендік сарапшысы Лаурис Криванс пен Шекара академиясы шекаралық бақылау кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы өткізді. Оқыту командасы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарға тереңірек тоқталды.

Бұл оқу курсын  өткізудегі негізгі мақсат  -  шекаралық бақылау бекеттерінің функцияларын жүргізу кезінде сын-қатерлерге тиімді ден қою және трансшекаралық қылмысқа қарсы күресте әлеуетті дамыту үшін қажетті білім беру және олардың дағдыларын арттыру болып табылады.

Жанат Жабырбеков,

ҚР ҰҚК Шекара академиясының

баспасөз хатшысы

Пікірлер