Еліміздегі табысы ең төмен өңірлер аталды

3247
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табыс орташа республикалық табыстан едәуір төмен болып шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Деректер бойынша, 2020 жылдың төртінші тоқсанында халықтың табысы 125,4 мың теңгені құрады.

Еліміздегі ең төмен кіріс Түркістан облысында тіркелді - 65,9 мың теңге. Ал Атырау халқы 230,2 мың теңге табыс табады.

Жалпы алғанда, жан басына шаққандағы ең төменгі атаулы ақшалай табыстар оңтүстік облыстарға тиесілі, онда көрсеткіш 100 мың теңгеден аспайды: Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың теңге), Жамбыл облысы (86,5 мың теңге), Алматы (90,7 мың теңге) және Қызылорда (91,2 мың теңге) облыстары.

«Жан басына шаққандағы ең жоғары атаулы табыс Атырау облысынан басқа, мегаполистерге тиесілі — Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) және Алматы (185 мың теңге)», - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ Атырау облысында, Шымкентте және Батыс Қазақстан облысында халықтың табысы азайған.

Пікірлер