"Қазақтың Күлбикесі". Imanbek Comedy Club қонағы болды

1502

Grammy сыйлығының иегері қазақстандық Иманбек Зейкенов ресейлік Comedy Club телешоуының қонағы болды,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеме жасап.

Павел Воля мен Гарик Харламов шоуда Иманбектің кім екенін айтты. Видеосы Youtube-те жарияланды. Онда Павел Воля қазір шоуды қарап отырған барлық қазақтың еңсесі көтеріліп қалды деп әзілдеді.

Әрі қарай жүргізушілер жігіттен қалай теміржолшыдан беделді сыйлықтың иегеріне дейін жеткенін сұрай бастады. Иманбек оның сыры қымызда деп қалжыңдады.

Сондай-ақ, қазақстандық үш жыл бұрын музыкамен айналыса бастағанын айтты. Сонда Воля таңданып: "Үш жыл бұрын. Кім ол өзі?" дейді. Ал Иманбек жолы болғыш адам екенін айтты.

Жүргізушілер 2020 жылдың қазанында ол америкалық Usher және Marshmello-мен бірге трек жазғанын еске салды. "Ән "Too much" деп аталады. Ал 2021 жылдың ақпанында Иманбек пен ұлыбританиялық әнші Rita Ora "Bang" атты жаңа шағын альбом шығарды", - деді олар. Сонда Павел Воляның таңданысына Иманбек "Мен - қазақпын" деп қысқаша жауап қатты, содан кейін Харламовтан тағы бір әзілі кетті:

"Сен қазақ емессің, сен - "қазақтың Күлбикесісің", - деді Гарик Харламов.

Осыдан кейін ресейлік жүргізушілер қазақстандыққа таңданысын білдіріп, оған қарапайым әрі сабырлы жігіт болып қала беруін тіледі.

Шоудың Иманбек қатысқан сәтін мына жерден көруге болады:

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар