Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директорлары мен есепшілері 63 миллион теңгені жымқырды деп күдіктелуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Алғаш рет бұл жанжал 2019 жылдың қаңтарында, Мамандандырылған балалар үйінің 160 қызметкері Жаңа жыл қарсаңында жалақысыз қалған кезде басталған еді. Содан кейін желіде бас есепші мен балалар үйінің директоры 15 миллион теңгені иемденгенін көпшілік алдында мойындаған видеосы жарияланған болатын. Бұл ақша жетім балаларды асырауға арналған қаражат еді.
Ақшасыз қалған қызметкерлер іс қозғалмайды деп қорқып, прокуратура мен БАҚ-тан көмек сұрады. Қылмыстық іс қозғалды.
«Өскемен қаласының N2 сотында қылмыстық іс қозғалды. Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлері - экс-директор, бас есепші және кадрлар бөлімінің маманы бюджет қаражатын жымқырды деген айыптар тағылды. . Олар 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңгені ұрлаған», деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чакпантаев.
«Адырна» ұлттық порталы