Джо Байден: Украинаны Ресейдің агрессорлық тырнағында жалғыз қалдырмаймыз

9958
Adyrna.kz Telegram
Владимир Зеленский АҚШ пен Түркияның ортасында құрдай жорғалап жүр. Кеше Зеленский АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлескенін Украина президенті кеңсесінің басшысы Игорь Жовква LB.ua порталына жариялады.
Игорь Жовкваның келтірген мәліметтерінше:
АҚШ президенті Украинаны Ресейдің аргессорлық ошағына жалғыз қалдырмаймыз. Алдағы уақытта Украинада жаңа модернизация қалыптастырып, жемқорлыққа, заң мен құқыққа қарсы процедуралардың барлығының алдын алатын, Еуроатлантикалық профильдегі мемлекетке айналдырудың алғышарттарын жасаймыз, деп ойын білдірген.
Біз Қырымды Украинаның еншісіне қалдырып, бұл аймақта еуроатлантикалық интеграцияны дамытамыз. Ресейдің Қырымға қатысты суверенитетін мойындамаймыз. Алдағы уақытта соғыс аяқталып жатса, Украинаны НАТО-ның құрамына қосуды ойластырамыз деген АҚШ президенті порталдағы сөзінде. 
АҚШ президенті Джо Байден болашақта Украина Шығыс және Орталық Еуропаның ең табысты еліне айналады, Украинаның жеңісі - тұтас Еуропа мен Атлантика елдерінің жеңісі деп келтірген,  LB.ua порталындағы сөздерінде.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна"ұлттық порталы 
Пікірлер