Неге Қазақстанда бензин қымбаттады?

3213
Adyrna.kz Telegram

Наурызда Қазақстанда бензин қымбаттады. Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте АИ-92 маркалы жанармайы 160 теңгеден, орта есеппен 10 теңгеден артық төлей бастады. Мұнай-газ саласының маманы, «Байділдинов. Мұнай» бағдарламасының жүргізушісі Олжас Байділдинов мұндай қымбатшылықтың не үшін болып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеме жасап.

 Бензин бағасының қымбаттағаны туралы жаңалықтардан кейін Энергетика министрлігі жанар-жағармай құнын басқарма көтермейді деп хабарлама таратты. Бүгінгі күні ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің бағалары реттелмейді және оларды сұраныс пен ұсынысқа негізделген нарық анықтайды.

Тұтынушылар үшін соңғы бағаның көтерілуі мұнай өнімдерінің көтерме бағасына, жанармай бекеттеріне дейінгі барлық көлік шығындарына, мұнай базаларында сақтауға, бөлшек сауда дистрибьюторының шығыстарына, сондай-ақ акциздер мен салықтарға негізделген. Сарапшы Олжас Байділдинов бағаның өсуі көптеген факторлармен, соның ішінде валюта бағамымен, инфляциямен тікелей байланысты деп түсіндірді.

Өткен жылы бағалар өсуі керек еді. Шындығында, бір жыл бұрын Қазақстан Республикасында бензин өзіндік құнынан төмен сатылды. Мысалы, мұнай біздің зауыттарға барреліне шамамен 30 доллар бағамен жеткізіледі, яғни әлемдік бағадан екі есе төмен. Егер баррель шикі мұнайдың литрін аударатын болсақ, онда әлемдік нарықта бір литр қазақстандық мұнай шамамен 170 теңгені құрайды, ал бензин қазір литріне 160-165-тен сатылуда. Яғни, дайын өнім шикізатқа қарағанда арзан! Қаймақ сүттен арзан болған сияқты. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Яғни, кез-келген тауар сияқты мұнайдың да өзіндік құны бар және ол жыл сайын валюта бағамы, инфляция, оның ішінде жалақының өсуі есебінен өседі. Мұнай мен қызмет көрсету саласының қызметкерлері оны мезгіл-мезгіл талап етіп отырады, - деді ол.

Ол Қазақстан ең арзан бензин сататын 10 елдің қатарына енетінін атап өтті. Дәлірек айтсақ 8-орында. Сонымен бірге, Қазақстанмен көршілес елдерде бензин орташа есеппен 60-100 теңгеге қымбаттайды.

"Мәселен, Ресейде жыл басынан бері бөлшек сауда бағасы 3% -ға өсіп, АИ-92 маркалы бензин 270 теңгеге жетті. Әрине, Қазақстандағы арзан бензин көршілес елдерге көлеңкелі жеткізілімдер үшін қолайлы жағдай жасайды, дәл солай болып жатыр да. Мысалы, біздің солтүстік облыстарда кейбір кезеңдерде бензинді тұтыну, миллионер қала Шымкенттен де жоғары! Өйткені, бензиннің әр литрінен 80-100 теңге пайда тауып, экспортқа шығарылатынын барлығы түсінеді", деді ол.

Биыл елімізде екі мұнай өңдеу зауыты жаңартылуда. Бағаның өсуі мұнай өңдеу зауытын жөндеуге байланысты болды ма деген сұраққа сарапшы келесідей жауап берді:

"МӨЗ-ді (Мұнай өңдеу зауыты) жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу, әрине, ішкі нарыққа әсер етуі мүмкін. Дегенмен, Үкімет бұл мәселені әрдайым бақылауда ұстайды және жоспарлы жөндеу жұмыстарына дейін әрдайым қорлардың қолайлы деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұрады. Қазіргі уақытта жанар-жағармай тапшылығы сезілмейді. Бұл да жақсы. «Бензин тек талонмен» деген белгілерді кездестірген кездер болды. Алайда, баға әлі де өседі. Қазақстан мен көрші елдер арасындағы алшақтық тым үлкен", деп қосты сарапшы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер