Жер астынан тонналап бензин тасыған. Қазақ-өзбек шекарасынан туннель табылды

229
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркістан облысының прокуратурасы
Фото: Түркістан облысының прокуратурасы

Қазақ-өзбек шекарасында екі ай бойы 450 метрлік туннель жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Күдікті азаматтар осы туннель арқылы күніне 5-7 тонна бензин тасып тұрған.

Түркістан облысының прокуратурасы бұл туннельді қазған адамдардың арасында Қазақстанның да, Өзбекстанның да азаматтары бар екенін хабарлады.

«Арнайы операция кезінде екі елден де күдіктілер ұсталды. Олар екі ай бойы осы туннель арқылы күніне 5-7 тонна бензинді ұрлап отырған», - деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.

Қазір туннель ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер