Рудныйда 17 жасар студент өз-өзіне қол жұмсады

3506
Adyrna.kz Telegram

Рудный қаласында 17 жасар студент өзі тұрып жатқан үйде, есіктің тұтқасына асылып қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Tobol.Info баяндады.

Бұл факт 19 наурызда орын алды. Білім беру мекемесі студенттің екінші курста оқитындығын, осы уақыт ішінде ол өзін тек жағымды жағынан көрсеткенін, полицияда тіркелмегенін, колледж өміріне белсенді қатысқанын, себепсіз сабаққа қатыспағанын атап өтті. Оның көңілді адам болғанын, ешқандай материалдық қиындықтар болмаған, ешкіммен қақтығыспаған жан екенін қоса кетті. Оны мұндай сұмдық қадамға итермелеген нәрсе колледж басшылығы үшін де, туыстары үшін де құпия болып қала береді.

Сонымен бірге, жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсар алдында қол жазба қалдырды. Жазбасында ол әкесі мен анасынан оның өліміне ешкімді кінәламауын, оның жаңа жылға дейін өзін-өзі өлтіруді жоспарлағанын, сотқа арызданбауын және кешіруін сұрайды.

Қоса кетсек, бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер