«Жақсылық жәшігіне» жақындаңыз

1456
Adyrna.kz Telegram

Қостанайлық жастар Наурыз мерекесі және Тәуелісіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымдылық жәшігі» акциясын бастады. Сондай шаралардың бірі ондай шаралардың бірі Алтынсарин ауданында қолға алынды. Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің бірінші қабатынан «Жақсылық жәшігі» ашылды. Ерекшелігі сол – мұнда кез келген тұрғын өз еріктерімен киім-кешек пен басқа да тұрмыстық заттарды әкеле алады. Тиісінше, өзіңізге қажетті заттарды тегін алып кетесіз.

– Қайырымдылық жәшіктеріне жиналған заттардың бәрі пайдалануына қарай уақтылы сұрыпталып, еріктілер арқылы көмекке зәру адамдарға жеткізіледі. Кей тұрғындар қарт кісілерге арнап киімдер әкеліп жатыр. Мұның бәрі қуантады. Осынау Наурыз мерекесінің түп негізі де береке-бірлікте, қайырымдылықта жатыр ғой. Аудан жастары мұны терең түсінеді. Біз әлеуметтік желілерде жарнама жасап, тұрғындарды қайырымдылыққа шақырып жатырмыз. Олар өз мүмкіндігінше азық-түлік пен тұрмысқа қажетті әрі шаруашылық заттарын қалдырып, мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсете алады. Бұйымдар тек таза, бүтін қалпында болуы керек, - дейді аудандық жастар орталығының мамандары.

Тұрғындар қолдап, қайырымдылар қатары көбейе түссе, келешекте жәшіктер санын тағы көбейтетінін айтады ұйымдастырушы жастар. Бұл шара облыстың әр ауданында қолға алынғанын айта кетейік.

Пікірлер