Ақмола облысында киік қырылып жатыр

2399
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының Қорғалжын және Целиноград ауданы аумағында 30-дан астам киіктің өлексесі табылды,– деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталф inform.kz- ке сілтеме жасап.

Ақмолада облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсеновтің айтуынша, биылғы жылдың 9-наурызында «ПО Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орталық өңірлік филиалы инспекторлары Саумал көлінен 10 шақырым аумақтан 14 киіктің өлексесін анықтаған.

«Тексеріс барысында киіктер қалың қар мен күрделі ауа райының салдарынан шөп теуіп жей алмағандықтан аштан қырылғаны анықталды. Жануарлардың өлекселері арнайы мал қорымында залалсыздандырылды»,– деді Лашынтай Дүйсенов.

Орын алып отырған жағдайға байланысты және киіктердің жаппай қырылуын болдырмау үшін Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясына Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы және Атбасар аудандарының әкімдеріне киіктер жүретін аумақтардағы қарды күреуді ұйымдастыру туралы нұсқау берілген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер