Жағдай ушығып, ұшақтар көтерілді: Филиппин Қытаймен соғыспақ па?

4189

Филиппин әскерилері Оңтүстік Қытай теңізінің даулы аймағына кіріп, шықпай отырған жүздеген Қытай кемелерін бақылауға жеңіл жойғыш ұшақтарды жіберді. Филиппин дереу арада Қытай өз кемелерін әкетуі тиіс деп отыр. 

Аймақтағы қақтығыстық көңіл-күй 200 Қытай кемесінің даулы территорияға кіруімен еселеп артты. Манила бұл әрекетті "арандату және ұлттық мүддеге қауіп төндіру" деп атады. Қазіргі таңда Қытай кемелері Филиппиннің экономикалық аймағы саналатын Үштік рифінің маңында тұр.

Филиппин қорғаныс министрі Дельфин Лоренцана 27 наурыз күні елдің әскери ұшақтарын көтеріп, бақылауды күшейтетінін мәлімдеген болатын.

«Біздің теңіз және әуе күштеріміз ұлттық қауіпсіздігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғауға дайын», — деп мәлімдеді ол.

Ресми Қытай тарапы кемелердің теңіздегі дауылдан қашып, уақытша тұрақтағанын мәлімдеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Шығыс Азиядағы даулы аймақта жыл сайын 3.4 трлн доллар болатын сауда айналымы өтеді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы