Қазақстан коронавирусқа қарсы қытай вакцинасын сатып алмақ

3113
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан қытайлық Sinovac вакцинасының 3 миллион дозасын және ресейлік "Спутник Лайт"-тың 1 миллион дозасын жеткізуге келіскенін айтты, деп "Адырна" ұлттық порталы, zakon.kz сайтына сілтеп хабарлайды. Бұл туралы Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Алматыда өткен медициналық қоғамдастық отырысында Цой, бұдан өзге Pfizer вакцинасы бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазір бүкіл ел бойынша Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде шығарылған ресейлік "Спутник V" вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіліп жатыр, деп атап өтті ол. Оның айтуынша, Қарағандыдағы зауытта 750 мың доза шығарылған.

"Олар қазірдің өзінде бар. Енді оларды аймақтарға жеткізу, техника мәселесі. Барлығы келесі аптада жеткізіліп, дайын болады деп ойлаймын. Қарағанды ​​фармацевтикалық зауыты елде 1 миллион доза шығаруда. Оған қоса шамамен 2 миллион доза, яғни 3 миллион доза елге сәуір айында жеткізіледі" деді Цой өз сөзінде.

Қазақстан 2021 жылдың соңына дейін алты миллион азаматты коронавирусқа қарсы вакцинациялауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, жақында Қазақстан Ресейден қосымша 4 миллион доза ресейлік вакцинасын жеткізуді сұраған еді.

 

Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
КазҰУ-дың журналистика факультетінің
4-курс студенті

Пікірлер