Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Негізгі тақырып — екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік және экономикалық байланыстарды дамыту болды.
ҚР СІМ ресми мәліметіне сәйкес, тараптар саяси диалог пен экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылап, жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылыққа қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.
АҚШ Мемлекеттік департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, Марко Рубио Қазақстанның экономикалық әртараптандыру мен ашықтыққа ұмтылысын қолдайтынын білдірді. АҚШ энергетика, телекоммуникация және сирек металдар секторында Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуді көздейді.