Әуе апатынан аман қалған әскери қызметкерлер есін жиды

2152
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында әуе апатынан аман қалған әскери қызметкерлер есін жиды, деп хабарлайды KTK телеарнасы.

Сағи Бейсенбеков, Алматы № 4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

- Жағдайлары тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Екі науқас та есін жиды.

Апат Қызылту ауылының маңында 13-наурызда болған. Нұр-Сұлтан қаласынан көкке көтерілген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ан-26 әскери ұшағы отқа оранып, Алматы әуежайының ұшып-қону жолағына жете алмай құлаған.

Әуе кемесінің бортында болған 6 адамның төртеуі оқиға орнында ажал құшты. Ал есін жиғандардың бірі – экипаж командирі Артем Аширов бұған дейін ауыр хәлде жатқан болатын. Қазір дәрігерлер екі әскери қызметкердің өмірін сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Ал апаттың себебін арнайы комиссия тергеу аяқталған соң жариялайды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер