Алматылық дәрігер вакцина алғаннан кейін вирус жұқтырған

1879
Adyrna.kz Telegram

Вакцинация коронавирустан қорғай ма? Алматылық дәрігер індетке қарсы екпеден кейін вирус жұқтырып ауырып қалған. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде жұмыс істейтін репродуктолог дәрігерден коронавирус анықталған. Айтуынша, ол 2 наурызда вакцина салдырған. Бастапқы да бәрі қалыпты болғанымен, араға апта салып, ақ халатты өзін жайсыз сезінген. Басы ауырып, әлсіздік және дененің ауырсынуы байқаған соң, ПТР сынамасын тапсырған.

Иван МЕЛЬНИКОВ, ДӘРІГЕР:

Менен коронавирус анықталды, бірден ауруханаға жатқызды. Оған дейін анализ тапсырған едім, қанымда антидене болмай шықты. Әрине, мен бұған дейін ауырған жоқпын. Қабылдаған вакцинам ағзамда қалыптаспай жатып, ауруды жұқтырып алдым. Қазір жағдайым жақсы.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, вакцина алғаннан кейін ауырып қалу таңғалатын жағдай емес деді. Өйткені, мұндай жағдай жиі кездесіп тұратын көрінеді.

Лаура МЫРЗАҒАЛИ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Иван Мельниковтың жағдай туралы. Ол модульдік госпитальда 7-8 күн жатты. Емделіп шықты, қазір R вакцинациясын алады. Вакцина алған адам ауырып қалуы мүмкін. Онда тұрған түк жоқ. Өйткені әлі иммунитет қалып тасқан жоқ. Ауырып қалатын жағдай болса, ол стационарлық емханада емін алады.

Дәрігер коронавирусқа қарсы екпенің 2-компонентінің 6 айдан соң салдырады. Сонымен бірге, дәрілік препаратты алғаш болып қабылдаған денсаулық сақтау вице-министрі де, иммунитеттің бірден қалыптаспайтын бұған дейін де айтқа болатын.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Денсаулық сақтау министрлігі екпенің 1-компонентін 107 мыңнан астам, екіншісін 20 мың қазақстандық салдарғанын мәлім етті. Айта кетейін, елде әлі де эпид ахуал тұрақсыз. Күніне мыңнан көп жағдай тіркеліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бағалау матрицасының "қызыл" аймағына 4 өңір кіргенін хабарлады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.

Пікірлер