Базарларда вакцинация жүргізу жоспарланып отыр

2467
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтары мен базарларда вакцинация жүргізу жоспарланды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді.

Лаура Мырзағалидің пікірінше, Алматы емханаларында 35 екпе салу бөлмесі жұмыс істеп тұр. Тағы да 15 пункт ашылу жоспарда бар екен.

«Мұндай пункттер жеке емханаларда да болуы мүмкін. Сондай-ақ, сауда орталықтарында, базарларда да халықты вакцинациялау мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді ол.

Жазға дейін Алматыға 197 мыңнан астам вакцина жеткізілетіні белгілі болды.

«Сәуірде 65 200 доза, мамырда 65 200 доза және маусымда 67 мың доза жеткізу жоспарланды. Сондай-ақ, ревакцинация да жалғасады», – деді Лаура Мырзағали.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер