Канада Ресей ФСБ-дағы 9 адамға қарсы санкция жариялады

4224
Adyrna.kz Telegram

Канада Ресейге қарсы санкция жариялады. Батыс Ресейді жан жақтан қысуды қолға алыпты.

Канада Ресей ФСБ-дағы 9 адамға қарсы санкция жариялады.

Бұл туралы Канаданың дипломатиялық миссиясы мен сыртқы істер министрі Марк Гарно мәлімдеді.

Канаданың Ресейге қарсы санкция жариялауына Ресей билігінің халықаралық адам құқына қарсы әрекеті мен Навальный ісі бойынша іске асып отыр. Канаданың Ресейге қарсы санкциясы ЕО мен АҚШ-тың форматымен сәйкес жүзеге асуда.

Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова бұл санкцияға қарсы Ресей өкіметі өзінің жауабын береді деді. Бүгін Кремльде қызу айтыс-тартыстар басталып кетті.

Санкцияға байланысты екі ел арасында экспорт -импорттық тауарлардың кейбір түріне шектеу қойылды. Канаданың артында АҚШ-тың тұрғаны айдан анық.

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket