Мурманскта жаппай төбелес орын алды

3129
Adyrna.kz Telegram

Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Мурманск облысында қазақстандықтардың қатысуымен болған жаппай төбелес туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға ауысым жұмысшыларының қатысуымен 23 наурыз күні кешке орын алған.

«Шамамен 20.30-да Мурманск облысының Белокаменка ауылының жанындағы теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың жаппай төбелесі болды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары да бар. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар мен құқық қорғау органдары ұстаған қазақстандықтар жоқ «, - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулдығы бұл мәселені бақылауда ұстайды. Бұған дейін Мурманск облысында болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Жергілікті БАҚ алты адам жарақат алды деп хабарлады. Дәрігерлер оларға амбулаториялық  қызмет көрсетуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер