Нұр-Сұлтан әкімдігі маңызды үндеу жасады

3515
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/6370102d-9e42-473e-9514-303b8d583043.jpeg
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шараларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Соңғы аптада Нұр-Сұлтанда сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 106,96 құраған. Репродуктивті саны — 1,506. Сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта» енді. Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай тіркелді (оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 —симптомсыз). Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген (симптомдары бар 136 жағдай, 67 симптомсыз жағдай), өсім — 0,85%. Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі — өз өтініші бойынша. Осы жылдың 22 наурызында 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында — 53. Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды. Анықталған — 357 байланыста болған тұлғалар, барлық жұмыс істеп тұрған ошақтар – 1321, оның ішінде: үй – 834 (байланыста болғандар саны — 1497), ұйымдастырылған – 487 (ұйымдасқан ұжымдардағы байланыста болғандар — 1917).
«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:
- Маска режимі; - адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар); - әлеуметтік қашықтық; - қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз.
Қаладағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!»–деді ведомство.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии