АҚШ-та супермаркетте 10 адамды атып кетті

2141
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Колорадо штатындағы супермаркетте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты. Бұл туралы Боулдер қаласы полиция басқармасының Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Twitter-дегі парақшада «10 адам қаза тапты», - делінген. Бұл ақпаратқа дейін құқық қорғау органдарының оқиға құрамында болғандығын және кем дегенде 6 адам көз жұмды деп мәлімдеген еді. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың нақты санын анықтамайынша, туыстарына хабар беруді шегеруді жөн көрген.

Боулдер полиция департаментінің бастығы Марис Герольд дүйсенбі күні өткен баспасөз конференциясында оқиға кезінде 51 жастағы құқыққорғау органының қызметкері Эрик Тэллидің көз жұмғанын растады. Сонымен қатар Герольд өз сөзінде, заң бұзушының қолға түскенін айтты.

Қылмыскердің есімі аталмады. Бұндай әрекетке баруына да не себеп болғаны белгісіз. Полиция басқармасы басшысының айтуынша, оқиғаны тергеу бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні King Soopers супермаркетінің қасында белгісіз біреу атыс бастап, содан соң дүкеннің ішіне кіріп оқ жаудырған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер