Волонтерден танымал блогерге дейін: «Елбасы Медалі» жобасының қатысушысы жастарды жаңа жеңістерге ынталандырады

746

«Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегері, Шығыс Қазақстан облысынан келген тоғызыншы сынып оқушысы Еркежан Жүнісова Instagram желісінде өзінің онлайн-күнделігін жүргізеді.

Өзінің бейнелері мен жазбаларында оқушы өзін-өзі тәрбиелеу, экологияны жақсарту, орыс тарихы және тағы басқа тақырыптарда әңгіме-дүкен құрады. Еркежан оқырмандарын белсенді өмір салтын ұстануға және өзін-өзі дамытумен айналысуға шақырады.

«Адамдар маған сен бізді ынталандырасың деп жазғанда ерекше сезімге бөлінемін. Мен адамдармен жұмыс істегенді және сөйлескенді ұнатамын, өйткені олар менің мотивациямның қайнар көзі. Олар маған берілмеуге және басқаларды ынталандыру үшін мақсатыма жетуге көмектеседі», - дейді мектеп оқушысы.

Соңғы алты айда Еркежанның жазылушылары оның еліміздігі ең ауқымды «Елбасы Медалі» жобасына қатысу барысын бақылап отырды. Бойжеткен алты ай бойы бірнеше бағыт бойынша тапсырмалар орындады: кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, спорт және денешынықтыру, дарын мен дағды. Жоба ережесіне сай қатысушылар апта сайын орындалған тапсырмалардың есебін жүктеу керек.

«Еріктілік дағдыларын дамыту ерекше әсер қалдырды, қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту және мұқтаж адамдарға көмектесу шараларына ат салыстым. Жұмыс күнінің аяғына таман адамдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаудың өзі пайдалы іс», - дейді жоба қатысушысы.

Жоба барысында оқушы Instagram-да «Волонтер күнделігін» жүргізді, ал ата-анасы мен ата-әжесі бейне-есептерді жасауға белсенді қатысты.

Бағыт тапсырмаларын толық орындағаннан кейін жас блогер «Елбасы Медалі» жобасының қола медалін иеленді.

«Мен үшін бұл жай ғана марапат емес. Мақсатыма жету үшін 6 ай бойы табандылық танытып, тәртіпті болдым. Үлкен тәжірибе алдым және оны өзгелермен бөліскім келді. Бәріне ұнады де ойлаймын, өйткені олар менен жоба туралы сұрай бастады.  Басқа аймақтардан да көп жазады.  Олардың басым бөлігі өзім секілді жоба жеңімпаздары, бізде тұтас қоғамдастық қалыптасты десе де болады.  Мен осы ұжымның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын және осындай мүмкіндік үшін Елбасына алғысымды білдіремін», - деді Еркежан. (видео)

«Елбасы Медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхаттар, еңбек тәжірибесі. Қатысушылар 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар.

Бағдарламада барлығы 3 деңгейден тұрады: қола, күміс және алтын. 2020 жылы «Елбасы Медалі» 11 мың қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшының басын қосты. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асырады.

Пікірлер
Редакция таңдауы