76 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған (видео)

2447
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде 76 жастағы жалғызбасты зейнеткердің үйіне алдап кіріп, пышақпен қорқытып, бағалы бұйымдары мен ақшасын алып кеткен күдікті туралы ақпарат тараған еді. Өз кезегінде тұрғындар чаттар арқылы сақ болу қажеттілігі туралы хабарламалар таратқан, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасауға қатысы бар Махамбет ауданында туған 31 жастағы азамат ұсталды. Өз кінәсін толық мойындаған күдіктіден айғақ зат ретінде алтын бұйымдар алынды.

Айта кетейік, күдікті 14 наурыз күні сағат 08:00 шамасында жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, 1945 жылы туған азаматшаны үшкір затпен қорқытып, түрлі купюралардан тұратын 14 000 теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын алып кеткен. Келтірілген залал 114.000 теңге. Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №2 полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер