Алматыда 12 мектепті жарып жібермек болған: Терроризм актісі ме?

1365

Белгісіз біреу Алматыдағы 12 мектептің поштасына оларды түгелімен жарып жіберетіні туралы хат жолдаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл туралы 12 жалпы білім беру мекемесінің электронды поштасына келген хаттардан белгілі болды. Онда белгісіз азамат ақша жіберуді талап етеді. Ақша жібермеген жағдайда ол мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытуда", - дейді полиция департаментінде.

Қазіргі таңда ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 273-бабы - "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы көрінеу жалған ақпарат" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Жасырын хат жолдаушының жеке басын анықтау және оны одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды полицейлер.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы