Үш өңірдің жолы тарс жабылды

1605
Adyrna.kz Telegram

ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жол жабылғанын хабарлады.

Күн райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық жолдарда енгізілді:

Ақтөбе облысында:

жүк және қоғамдық көліктер үшін:

1.«Самара-Шымкент» автожолының 526-710-шақырымында, атап айтқанда БҚО шекарасы мен Құршасай ауылының аралығындағы учаскеде.

Автокөліктің барлық түрі үшін:

2. «Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257-шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш пен Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде.

3. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180-шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде.

4. «Ақтөбе-РФ шек.» автожолының 39-136-шақырымында, атап айтқанда Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаскеде.

5. «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39-шақырымындағы учаскеде.

6. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 180-250-шақырымында, атап айтқанда, Шұбарқұдық және Қарауылкелді ауылдарының аралығындағы учаскеде.

7. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153-шақырымында, атап айтқанда Белогорка ауылы мен КЭШИ айырығы аралығындағы учаскеде.

Батыс Қазақстан облысында:

Жүк және қоғамдық көліктер үшін:

«Самара-Шымкент» автожолының 394-526-шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Алматы облысында:

2021 жылғы 19 наурызда сағат 09.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасы, жолдың көрінбеуі) «Үшарал-Достық» автожолының 83-184-шақырымында, атап айтқанда Көктума ст.-Достық ст. аумағында көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды.

 

Пікірлер