Жоғалған тұрғын құдықтың ішінен табылды

2834
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында жоғалған тұрғын құдықтың ішінен табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

«2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 14.00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды.

16 наурызда сағат 15.10-да құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен»,-делінген хабарламада.

Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кіріскен. Олар құтқару жібінің көмегімен ер адамды құдықтан алып шықты.

Айта кетейік,ер адам медициналық көмекке мұқтаж емес.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер