Атырауда үш күнде 400-ден астам білім саласы қызметкері екпе алды

2485
Adyrna.kz Telegram

Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды.

Білім саласы қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі- Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өтті.
Онда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Джайлауова,
Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы - Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Гаухар Такузова қатысып, вакцинаға қатысты мұғалімдер сауалдарына жауап берді.

Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталған болатын.

Соңғы үш күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның 408-і педагог, 183-і медицина қызметкері, 14-і мемлекеттік қызметші.

Пікірлер