“Қазақстан темір жолы” ұйымының мерекелік жарнамасы халықтың ашуын келтірді. Мекеме өкілдері мәлімдеме жасады.
Халықаралық әйелдер күніне орай ұйым ғимаратының сыртына орналастырылған жарнама көптің сынына қалды. Өз кезегінде мекеме өкілдері бұл әрекеттері үшін кешірім сұрады.
“Ролик әлеуметтік желіде тұрғындардың қызу талқысына түсті. Кейбір азаматтарға жарнама жақпаған сыңайлы. Біз жарнамаға байланысты туындаған жағымсыз көңіл-күй үшін кешірім өтінеміз. Жарнаманы жариялар кезде біздің ойымызда әйелдер қауымын ренжіту болған жоқ”, – деді “ҚТЖ” өкілдері.