Қостанайлық гүл сататын дүкенді тонаған

3980
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда полицейлер гүл сататын дүкенді тонаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 28 ақпанда сағат 19:34-те Қостанай қаласының ПБ “102” пультіне Жеңіс көшесіндегі гүл дүкенінің тоналғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сатушының айтуынша, бейтаныс адам дүкенге кіріп, кеңсе пышағымен қорқытып, 21 мың теңге ақша мен бір гүл шоғын алып кеткен. Дүкен сатушысы бірден полицияға қоңырау шалғандықтан, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дәулет Досмаилов пен Архат Қайыржанов қаланы патрульдеу барысында күдіктіге ұқсас адамды ұстады, сатушы оны бірден таныды.

Күдікті бұрын сотталмаған 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол мас күйде болған. Тәртіп сақшылары гүл шоғын дүкенге қайтарды, алайда күдікті азамат ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер