41 жастағы әйел оныншы баласын өмірге әкелді

7487
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік ана оныншы перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген 41 жастағы Айжан Пайшанованың бұған дейін 6 ұлы, 3 қызы болған. Дәрігерлердің айтуынша бала мен ананың қазіргі жағдайы жақсы.

«Мына Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздерге, бәріңізге рақмет айтам. Барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер дембе-дем балама да, өзіме де жақсы қарап жүр»,-деді көпбалалы ана.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар Шымкентте демографиялық өсім жақсарып келетінін айтады. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында өмірге келген сәбилердің басым бөлігі ұл балалар екен.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер