Министр кімдердің жалақысы екі есеге көбейетінін ашып айтты

1999
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда», – деді министр.

Осылайша, Цойдың айтуынша, биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетеді. 2023 жылы 561 мың теңгені құрайды.

«2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», – деді министр.

Ол президент биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды.

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе көп болады деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген.

2021 жылы – 222 миллиард теңге, 2022 жылы – 362 миллиард теңге, 2023 жылы – 557 миллиард теңге.

Пікірлер