"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен порталының жетекшісі Арман Әубәкір "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды.
Марапат иесі алған сыйында "Адырна" ұжымында еңбек еткен барлық азаматтар мен азаматшалардың, қолдау көрсеткен аға-апаларымыздың еңбегі барын айтып, осы еңбегімізді елеп-ескерген Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына рахметін жеткізді.
"Адырна" ұжымы Арман Әубәкірді алған марапатымен құттықтаймыз! Отбасыңа береке-бірлік, қызметіне абырой тілейміз.
"АДЫРНА" ұжымы