Өлімге әкелетін ми ауруының алғашқы белгілері аталды

3098
Adyrna.kz Telegram

Альцгеймер ауруы туралы бұрын соңды естіп пе едіңіз? "Адырна" ұлттық порталының тілшісі қауіпті ми ауытқуы туралы маңызды ақпар жинады. 

Көбі альцгеймермен жасы келген, қартайған адамдар ауырады деп қателесіп жатады. Алайда, бұл ауытқу 40 жастан-ақ басталуы мүмкін.

Әйел адамдардың өмір сүру жасы ұзақ болғандықтан, бұл психологиялық ауытқудан көбірек зардап шегеді. Ауытқудың нағыз шарықтайтын уақыты 60 жастан асқаннан кейін екені де анықталды.

Әлем бойынша 2016 жылы дәл осы альцгеймер ауруынан 44 милллион адам ауырған.  Тұқым  қуалайтын ауру боп саналады.

Альцгеймер ауруының симптомдарына:

1. Көңіл-күй мінез құлығының өзгеруі

2.  тілдің күрмеленуі

3.  есте сақтау қабілетінің нашарлауы

4.  қоршаған ортаны қабылдай алмауы, сезіну мүшелерінің әлсіреуі

5 ойлау, топшылау (танымдық машықтар)

Профессор, мәдениет ғылымдарының докторы, психолог Андрей Зберовский өз сұхбатында Альцгеймер ауруының алғашқы белгілері туралы айтты.

"Ол алғашында отыз жылдан бері жүріп келе жатқан дүкеннің қай жерде орналасқанын ұмытады. Тағы бір белгі - адамдар күнделікті қолданыстағы сөздерді ұмыта бастаған кезде оларды басқа мақсаттарда қолдана бастайды. Айтылған ойының мағынасын түсіндіре алмауы мүмкін", - мәдениет ғылымдарының докторы, психолог Андрей Зберовский.

Ол мұндай жағдайда шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет екенін тілге тиек етті.

Маманның айтуы бойынша, бір сұрақты сан рет қайталап, жауабын ұмыта беретін адамдар альцгеймер ауруының екінші кезеңіне өткенін байқатады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер