Психологиялық денсаулық мәселесінің студенттер арасындағы маңызы қандай?

4536
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның білім беру кеңістігінде қара шаңырақ болып табылатын  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдыңғы қатардағы көшбасшы университеттің бірі.Оқу ордасының тарихы мемлекеттің тарихымен, оның ғылымымен, мәдениетімен, жоғары білім беру жүйесімен сабақтасып, ұштасып жатыр. Университет құрылғаннан бері Қазақстан Республикасы бойынша ғана емес, әлемдік деңгейдегі оқу ордаларымен бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеген болатын. Қазіргі таңда, жаһандық ең танымал және беделді Quacquarelli Symonds (QS) аналитикалық есебі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болып табылады. Әлемнің 12 елінде әл-Фараби орталықтарын ашылған болатын.. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ жоғары бағаланып, еуропалық жетекші жоғары оқу орындарының қатарына енді. ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді Жоғарыда аталған көрсеткіштер нәтижесінде, ҚазҰУ түркі және ислам әлеміндегі ең үздік университет ретінде танылған еді.

Қазақ Ұлттық университетінің тарихы тереңнен бастау алатын Филология және әлем тілдері факультеті.  Факультеттің негізін қалаған қазақ халқының, ұлтымыздың ұлы тұлғалары - М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев. Факультетте әр жылдары тіл мен әдебиеттану ғылымының Республикаға белгілі аса көрнекті ғалымдары ұстаздық қызмет атқарды. Атап айтсақ, Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, академик Рымғали Нұрғали,Талғат Сайрамбаев, Алма Қыраубаева және т.б. Факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушылар да біршама.

Факультетімізде өз мамандығымызға қатысты өтетін пәндерден бөлек түрлі танымдық пәндер бар. Әсіресе, психология-студенттер арасында 1-курстан бастап жүргізілетін қызықты сабақтардың бірі. Негізгі оқу пәні ретінде түрлі мәселелерді шешуде, қоғамдық ой қалыптастырады.

Осы орайда қара шаңырақ әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында оқытылатын «Басқару психологиясы» пәнінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен филология факультеті, 1-курс магистранттары «Басқарушылық конфликтілердің алдын-алу технологиялары» тақырыбында шолу жасады. Нәтижелерді талдау семинары өткізіліп, онда магистранттар тұлғаны басқарудағы конфликтілердің алдын-алу технологияларын белсене талқылады.

Қазіргі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі осы психология мәселесі болса, соның ішінде «Басқару психологиясы» пәні айтарлықтай маңызды. Өйткені топ ішінде, ұжым ішінде жұмысты тиімді әрі пайдалы ету көзделеді. профессор Назираш Сүлейменқызының бұл пәнді түсіндіре отырыпбізге түрлі әдіс-тәсілдерді, дұрыс шешім қабылдау, қызметкерлерді шабыттандырып отыру, конфликтілі оқиғаларды шеше алу мүмкіндігіне ие болуға болатын технологияларды таныстырып өтті. Тек қана ұжымды емес, ұжымда өзіңді қалай ұстау керек, көңіл-күйді басқару, ақылдасып жұмыс істеуді меңгеру, мұның әрбір адам үшін маңызды әрі мәнді екеніне шүбә келтірмейміз.

Семинар мен дәріс көлемінде түрлі іс-шаралар, эксперименттік жобалар, пікірсайыс сабақтар талқыланды. Соның ішінде «Менің психологиялық денсаулығым» деген тақырыпқа әр студенттің арнайы дайындаған жобасын айтуға болады. Бұл тым өзгергіш, құбылмалы уақытта қоғамдық өмірге де белсене араласуға, кей мәселені оңтайлы шеше алуға, өмірдің барлық аспектісін қамтуға көмектеседі. Көбіне қай дүниені жасасақ та, үлгермей жатамыз немесе моральдық тұрғыдан шаршап, безініп кетеміз. Ал жұмыста да, сабақта да, жеке қарым-қатынаста да тығырыққа тірелмей, негатив жағдайларды да өз пайдамызға шеше алу өте маңызды. Кез келген істе болсын, сыртқы физикалық көрсеткіштермен қатар адамның ішкі рухани әлемі, жан тыныштығы маңызды. Күйзелісте жүру, өзіңді іштей жегідей жеудің зияны өте көп. Өз-өзіне қол жұмсап не болмаса зиянды әдеттерге әуестердің көбі – ішкі жан дүниесін реттей алмай, дер кезінде рухани, психологиялық көмек ала алмағандар. Осы жағдайдың қаншалықты қауіпті екендігін, оның алдын алу мәселелерін талқылай аламыз. Ортақ мәселені бір аудиторияда отырып, шеше аламыз. Сондай-ақ жан күтімі де керек. Уақытында кітап оқып, сүйікті ісімен шұғылданып, жан рахат сыйлайтын істермен айналысуы керек.  Өзіне махаббатын төгіп, шын жанашыр бола алатын әуелі тек өзі екенін түсінген жөн. Қиын жағдай болса, тек өзі шешуге ұмтылмай, өзгелермен де бөлісіп, жалғыз емес екенін білгені дұрыс. Міне, біз осындай адам өмірінің ең маңызды бөлігін құрайтын мәселені ПСИХОЛОГ маманмен бірге  ақылдаса аламыз.Сондай-ақ осындай тақырыпта өтетін дискуссия сабақтарының көбірек болғанының пайдасы зор.

Мәселені бір негізде қарап не бір адамның суьективті пікіріне сүйеніп айту өте қиын. Неғұрлым кең ауқымда қарайтын болсақ, соғұрлым шешімі де тез болады. Әрбір студенттің ойын, сұрағын ой елегінен өткізе отырып, бір ортақ нәтижеге келу де қиындық тудырмайды.Сондықтан «Басқару психологиясы» пәнінің бізге берер пайдасы мол деп білеміз.

Жубаназарова Н.С.,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор;

Баймолдина Л.О.,

PHD, доцент м.а.;

Жылқайдар С.А.,Байкенқызы Б.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары.

Пікірлер