Қазақтар, Қазақстаннан тайыңдар! (Максим Шевченко назарына)

14239
Adyrna.kz Telegram

Құрметті Максим Леонардович, Ұлы Даланы қорғаштаған ниетіңіңз бен жарқын сөздеріңіз үшін бүкіл қазақ халқының атынан көп-көп рахмет. Сіз Шығыстың, ислам дінінің білгірісіз және тақырыпты жақсы білесіз. Осы сайқымазақтардың әңгімелеріне көп көңіл бөліп, жүйкеңізді «ҚЗбіздікілерге» ысырап етпеңіз.

Біз - түрклерміз. Лев Гумилев, өз шығармаларында сүйіспеншілікпен атап өткендей, түркілер пассионарлар. Яғни – рухы мықты деген. Бұл біздің қанымызда бар және ол ешқайда кетпейді. Түркілердің ислам дінін қабылдауы, олардың имандылығы мен айбындылығын, қахармандығын сөзсіз арттырды. Нағыз мұсылман, өзіңіз білетіндей, Алла разылығына ұмтылады. Ал, Отанын қорғауда, шыбын жанын қуана-қуана беріп, шейіт болғаннан кейін, тек жұмаққа ғана емес, сонымен қатар, баршаның аңсайтыны - Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с.-ға жақын болуға үміттенеді.

Ал, осындайда, Солтүстік жақтағы «аға», әр метрі ұлы бабаларымыздың, дала батырларының қанына қаныққан жерлеріңізді тартып аламыз деп қопаңдаса, алысқа жиһад жасаудың қажеті не? Әлде, Ресейдің өзінде, радикалдық көзқарастағы «жиһадщылар» аз ба еді. Тыныш жатқан жыланды түртпектеп, сонан опа таппақ болған «халық қалаулылары» өз әрекеттеріне есеп беріп отыр ма екен?

Рухтың, жауынгерліктің, қаһармандылықтың жоғарылығы емес, белгілі бір кезеңде қаруы садақ пен найза болып қалған бабаларымызды, мылтық пен зеңбіректің күшімен жаншып, Еділ мен Жайық, Сарытау, Түмен, Қорған, Селеби, Дастархан, Омбы, Алтай, Оралдан айырылып қалғанымыз, жанымызға әлі батып, орны толмайтын жара екенін түсіне ме екен?

Қазақ халқының хас ұлдары патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күресіп, өз өмірлерін қиды: Исатай Тайманұлы, батыр - ақын Махамбет Өтемісұлы. Соңғы қазақ ханы Кенесары Қасым ұлы болды. Ол не мақсатты көздеді? Біріншіден, Кенесары хан Ресей империясының Ұлы дала қойнауына ілгерілеуіне қарсы болды және сондықтан ол басында келіссөздер мен хат жазысулар жүргізіп, дипломатиялық жолмен императорларды тоөтатуға тырысты. Жаңа бекіністер салынып жатқанын көріп, сарбаз жинап, шабуыл жасап, оларды қирата бастады. Кенесары хан өзінің басты міндетін, атасы Абылай ханның кезіндегідей қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру деп білді.

Батыс Сібір генерал-губернаторы, Хан Кененің басын соғыс трофейі ретінде Санкт-Петербургке жөнелтті. Кунст камерада, Ресейдің отарлық саясатына қарсы шыққан басқа халықтар көсемдерінің бас сүйектерін экспонат ретінде жинайды.

Ресейдің имперлік отарлау саясаты, Даланы зерттеуден, отбасысанын санап, жалпы халықтың санын білуге тырысудан, құнарлы жерлерді тартып алып, Жайық, Еділ, Тобыл, Есіл, Ертіс өзенлері жағалауларына мал жаюға тыйым салан басталды. Осы өзентер сағаларында бекіністер салып, қазақ жеріне біртіндеп ене бастады.Хан билігін жойып, султандар мен старшиндар империя келісімімен тағайындалады.

Патшалықтың қолшоқпары (опричник) ролін, салықтан, барщина мен оброктан босатылған, жаңа жер телімдеріне қожайындық етуге мүдделенген казактар пайдаланылды. Оларға қойылған басты талап – жаңадан қосылған жерлерді күзету мен империя аймағын одан әрі кеңіту болды. Бұл жартылай әскери құрама, Осман империясының янычврлары мен сипахтары тәрізді құралды. Түрлі соғыс майданына қатыса отырып, казактар қарсыластарының сырт киімдері мен қару үлгілеріне қызығып, өздері де солай киінуге тырысты. Осылайша, иммерияның соғыс майданы тарихының алғашқы торыс – түрік соғыстарына қатысып, олардың кең шалбарларын, тік жаға көйлектерін, кекілдері мен қайқы қылыштарын қабылдады. Кавказ соғыстары кезінде, казактарға тау халықтарының сыртқы түрлері өте ұнап, бурка (шапан), папаха (бас киім), кеуде тұстағы патрон салатын қалташалар мен белге байлап жүретін қанжар ұнады. «Құдайым, Патшаны қолда!» деген ұранмен шыққан «ақтар қозғалысы», казактарда китель, гимнастерка, фуражканы, офицерлердің қылышы мен генералдардың шалбардағы лампас белгілерін қалдырды. Жалпы, түркілерден атпен өнер көрсету, атты ойындар мен шабу өнері («ат құлағында ойнау») қалды. Казактар – ұлт емес. Бәлкім олар, христиан дінін қабылдаған, еркіндік пен даланы аңсайтын печенегтер, половтықтар, түркілер ұрпағы.

Жириновский мен Федоровтар, Верныйды, Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыны қайта-қайта айтып, аңсай береді. Алматы жеріндегі алғашқы қоныстар, біздің эрамызға дейінгі Х ғасырда болған. Мұнда, біздің бабаларымыз сақтар мен үйсіндер тұрған. Бүкіл Әлемге әйгілі «алтын адамды», Алматыдан алыс емес, Есік қорғанынан табылған болатын. ХІХ ғ. ортасында, алғашқы жер қоныстанушылары Ресейден келе бастайды. Оған дейін, отарлау саясатына сәйкес, кіші Алматы өзені жағасында, казактардың станицалары, бекініс жасап орналасады.

Ұлы Даланы отарлау, елді мекендердің атауларын өзгертумен жүріп отырды: Георгиевка, Ванновка, Корниловка, Павлодар, Петропавловск, Верный. Сол сияқты, Кеңес заманында атаулары өзгертілген: Ленинабад, Ворошилов, Орджоникидзе, Фрунзе, Калинин қалаларын да Ресей депутаттары біздікі деп айта ма екен?

Көшпенділік өндіріс түрі, жайылым мал шаруашылығына негізделгендіктен, тұрғын үйлер мен қалалар салу номадтар үшін мақсат болмады. Елді мекендерде, жұт кезінде малынан айырылып қалған жатақтар, егінмен айналысатындар, саудагерлер мен қолөнершілер тұратын.

Бала кезімізде индеецтер туралы кинолар көруді ұнататынбыз. Сербиялық актер Гойко Митич ойнаған «Апачир», «Могикандардың соңғысы», Чигачгук туралы. Балалар, үндістер жағвнда болып, солар үшін уайымдайтын едік қой. Жау жағы (бледнолицыйлар) олардың бас терілерін сыпырып, көсемдерінің бас сүйектерінен күл тостақ жасағандарында, қатты қынжылатын едік. Өз көсемдеріміздің бастарын алып, ел қызықтасын леп, мұражайға қойып жатқанын қайдан білейік.

Біз сондай-ақ революция және «еңбекші халықты езгіге салушыларға» қарсы күрескен қызыл армияның ержүрек солдаттары туралы фильмдер көруді ұнататынбыз. Ал, осы қызыл гвардияшылар 1923 жылы Кейкі батырды өлтіріп, патшалық ресей отаршылдары сияқты, басын сол кунст камераға жібергендерін біз қайдан білдік. Міне босанады деп отырған, аяғы ауыр әйелі Ақжан сұлуды шашынан сүйреп, далаға шығарып атып тастайды. Амангелді Имановтың (түсініксіз жағдайда өлтірілген) қандыбалақ досы, айбынды Кейкіден ұрпақ қалмасын деп ішін жарып, дүние есігін ашып үлгермеген ұрпақты да шауып тастайды. Қызыл таңдайлар, патша режимі жандарм және Кеңес үкіметі, қанаушыларға қызыл террор жариялап соғысуда деп сайраушы еді. Қайдан білейік.

Мектеп қабырғасында, шығармаларын қызығушылықпен тыңдап, оларға бой түзеген «ұлы саяхатсылар»: Пржевальский, Семенов - Тян Шанский, Дежнев, Фердинанд Врангель, Крузенштерн, Беринг еді. Олар, Ресей империясының әскери тыңшылары       ретінде Сібірді, Қиыр Шығысты, Орта Азия мен Қазақстанды одан әрі отарлау үшін зерттеген. Бұл империя офицерлері, патшаның өзі басқарған орыс географиялық қоғамында жұмыс істеген. Ресей империясының отарлау саясатына баға жетпес үлес қосқанын қайдан білдік.

«Орыс географиялық қоғамы» 1845 жылы құрылды. Бірінші басшы Ұлы князь, адмирал Константин Николаевич болды.

Қоғамның қамқоршылары тізімін қараңыз:

Николай І.

Александр II.

Александр III.

Николай II.

В.В.Путин (2009)

Қоғамның қазіргі президенті - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Кужугетович Шойгу.

Орыс географиялық қоғамы, өз жұмысын «халықтар мен ұлыстарды, тұрмыс, мәдениетін, этнографиясын, жерлерді картаға түсіріп зерттеумен, іргелес аумақтарды зерттеу және дамыту (қосу)» жұмыстарын жүргізді. Яғни, кімді сыйлықтар мен щен-дәрежелер беру арқылы, кімдерді күштеп қосуды айқындады. Әттең, «зерттеліп отырған» халықта, атқыш қару болмады.

Қазіргі уақытта қоғамда шамамен 24000 адам бар. Қоғам, азаматтық және ҰОС кезеңін қоспағанда, өз жұмысын тоқтатаған және жұмысын қазір де жалғастыруда. Барлау офицерлері, талдаушылар мен сарапшылар бұдан былай міндетті түрде форма киетін әскери адамдар емес, негізінен қазіргі жұмыс ақпараттық кеңістікте жүзеге асырылады. Тиісінше, бұл қоғамның негізгі кадрлары журналистер, тележүргізушілер, талдаушылар, блогерлер және т.б.

Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан

Қазақстан Республикасындағы кеңестік кезеңдегі мектептер мен университеттерде бүкіл Қазақстан тарихы шағын ғана кітапша болатын. Ал, КСРО тарихы, Ежелгі Ресей мен Ресей империясының тарихын көп томдық кітаптардан тұратын. Біз, Владимир - Суздаль княздігі, мен Великий Новгород тарихын, Александр Невский мен, Пересветтің ерліктерін жаттадық. Бірақ, біз скифтер, сақтар, печенегтер, половцылар, қыпшақтар және Орданың жауынгерлері, біздер түріктер, қазақтар екенімізді білмедік. Еуразия кеңістігінде көшпенділердің атты әскеріне қарсы тұратын ешкім болмады. Олар, өзара тақ мұрагерлігі үшін, олжа мен алым үшін бір-бірімен күресті. Барлығы түркілерге салық төлеп тұрды. Оның ішінде «а» және «о» леп сөйлейтін русичтер де болды. Оларды Новгород сияқты атты әскер өте алмайтын ормандар мен батпақты аймақтар құтқарды. Сондай-ақ, көшпенділердің атты ордасы Балкан тауларына дейін барды. Аттылар тауға шыға алмағандықтан, кейбір Кавказ және Балқан тау халықтары көшпенділер тізгініне ілікпей қалды. «Балқан -балқан, Балқан тау, Балқан біздің болған тау»,-деген қазақтағы сөз содан қалса керек.

Оқулықтарда, «Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтар» деп аталатын тақырыптар болды: ұлт-азаттық қозғалыстар, ұжымдастыру (коллективизация), аштық, репрессия, Ұлы Отан соғысы, тың көтеру мәселелері.

Ұлы Далада, бай атану үшін, бірнеше мың, жүз мыңдаан  жылқысы болу керек екен.. Сиырлар мен ұсақ малды, көшпенділер санамаған. Бір қошқарды, сойып, қоян құрлы көрмеген ғой.

Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны, Медеу байдың атымен аталаы екен. Осындай бай қазақтың жылқыларын санау үшін, жылқышылар барлық малды, Шымбұлаққа дейін  бірнеше шақырымға созылған сайға айдап, қайтадан шығардағы тар жерге тұрып қана санай алған екен.

Ұлы көш деп жатамыз, ол не екен? Егер көштің алды Төменге бет алса,соңы Түркістанда болған. Бұл миллиондаған және миллиондаған жылқы. Мұның бәрі, шолақ белсенділер көмегімен тартып алынып, Рейге жіберілгенін қайдан білейік.

Ауылдардың атаулары алынып тасталды және нөмірленді. Бірінші ауыл, екінші, үшінші. Соңғы қозысын тартып алып, Голощекиннің («қушеке») басшылығымен Кеңес өкіметі қазақ халқын аштыққа ұшыратты. Халықтың үштен бірі осылайша жойылды. Бұл, бейбіт халықты қыру, геноцид деп аталады.

1897 жылғы санақ бойынша, қазіргі Қазақстан аумағында 4,5 миллионға жуық қазақ болған (Я.Я. Полферов оларды 5,5 миллион деп санайды). 1861 жылы крепостнойлық билік жойылғаннан кейін Далаға 0,5 миллионға жуық ұлы орыстар (великоросс) қоныс аударды. Егер Қазақстандағы қазақтар мен Өзбекстандағы өзбектерді салыстыратын болсақ, арифметикалық есеппн, бүгінде қанша қазақ болу керек еді деген сұраққа жауап табамыз.

Халық 1789ж. 1926ж. 1937ж. 1959ж. 1989ж. 2020ж. Халықтың өсуі
Өзбектер 3.5 млн 4.7млн   8 млн 20 млн 35 млн 10 есе
Қазақтар 5.5 млн 3.6 млн 2.8 млн 2.8млн 6..5 млн 12.7 млн 2 есе

 

1879 жылы Щербининнің экспедициясы санағы бойынша өзбектер қазақтардан әлдеқайда аз болған. Өзбекстан халқының саны 120 жыл ішінде (1789 -2020) он есеге өсті (3 миллион - 35 миллион). Кеңес өкіметінің мақсатты геноциді болмағанда, бүгінде қазақтар саны 55-60 миллион болуы керек еді.

1987 жылы, Қазақстан тарихы бойынша материалдар жинау кезінде,Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің партиялық мұрағатында «Өте құпия» деген папка қолыма тиді. Ол жерге дәптермен және қаламмен ғана еіруге рұқсат етілетін еді Құжаттармен танысқаннан кейін, дәптер қызметкерге (КГБ) тапсырылатын және тексерілгеннен кейін келесі келгенде қайтарылатын. Папкада, Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ көтерілісінің бір эпизоды туралы материалдар болған. Үш мыңға таяу ауыл тұрғындарының ашаршалық зардабына қарсылықтарын  басып-жаншу туралы есеп болды. Имамдар, қарт адамдар, әйелдер, жасөспірімдер, ер адамдар. Қақтығыстан кейінгі ақпаратта көрсетілгені: тұтқындар алынбады, 3 шите мылтық, сойылдар, шоқпарлар мен балталар болған.

Яғни, аштан қатқанша, тіке тұрып, 16 «Максим» пулеметі мен мылтықтарына қарсы атылып,өлімге ұмтылған. Артиллериялық дивизион мен атты әскер полкі, ГубЧК чекисттері мен милиция, антисоветизмді «батылдықпен» басады.

Репрессия туралы. Мен бір жерден 22 мың қазақ, 7 қырғыз, бір өзбек және бір тәжік репрессияға ұшырады деп оқыдым. Бұлар, малшылар мен бақташылар емес, ұлттың гүлі, қазақ ұлтының білімді патриоттары репрессияға ұшыраған еді.

Енді, Ресейдің мәртебелі адамдары бізге бұрынғы империя - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының заңды мұрагерлері екенін айтады. Олай болса, біздің сұрағымыз сізге, мырза, жолдас, тақсыр. Сіз барлық «өз еркімен қосылған халықтардың» геноцидіне, әкетілген мүлік, табиғи ресурстар үшін, ақысыз жұмыс күндері үшін, аштық пен репрессия үшін жауап бересіз бе?

Соғыс. Жақында мен неміс вермахтының генералы Гетхард Хейнрицтің Ұлы Отан соғысы туралы «U-tube» каналындағы естеліктерін тыңдадым. Қызыл әскерлерді талқандап тастап, ертесіне соншама жаңа күштердің шепте тұрғанын көретінбіз дейді. Әскери дайындалмаған, эшелоннан түсіре салып, үш солдатқа бір мылтық беріп, майданға салған. Әскердің арт жақтарында, шегінгендерді жазалайтын автоматты СМЕРШ тұрды. Алдыңғы қатарға орысша білмейтін, автомат пен зеңбірек көрмеген азиаттар мен басқа ұлттар қойылды.

Сондықтан КСРО Қарулы Күштерінің соғыс кезіндегі әскерге шақырылған 34 миллион адамның шығындары 10,9 миллион адам болса, жараланғандары екі есе көп, ал тұтқынға миллиондаған қызыл әскерлері түсті. Жеңіс маршалдары деп даурықпай, дарынсыздар деу керек. Жеңіс – миллиондаған құрбандар арқасында болды.

Біз енді түсінгеніміздей, Кеңес үкіметі жан түршігерлік соғыстан кейін, Ұлы Даланың байырғы тұрғындарын қысқарту саясатын жалғастырумен болды. Бұл жоба «сенімсіздерді» Ұлы Далаға қоныстандырудан бастап, славяндардың Қазақстанның солтүстік облыстарына жаппай қоныс аударуымен, тың жерлерді көтеруді, республиканы автономиялы облыстарға бөлу жоспарын және Қазақстан жерлерін басқа республикаларға бөлуді қамтиды.

«Алаш Орданың» көсемдері, батырлар, ақын-импровизаторлар шыққан, ұлы Абайдың отаны болған, қазақтар тығыз қоныстанған аймаққа ядролық сынақ полигонын орналастыру. Сондай-ақ, қазақстандықтардың үштен бір бөлігі тұратын Қазақстанның оңтүстігін ескере отырып, «Шымкент» чех сыра зауыты салынды. Солтүстік халықтарды алкогольмен (отты су) империялық Ресейдің тәжірибесі бұл жерде де пайдалы болды. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодардағы алкоголь зауыттары дәл осылай жұмыс істей бастады.

Біз барлығымыз, Кеңес азаматтары ретінде, митингтерге шығып: апартеидке жол жоқ, Анджела Дэвис пен Нельсон Манделаға еркіндік беруді талап еттік. Біздің ата-бабаларымызды миллиондап жойып жібергенін қайдан білдік. Патшалық Ресейге қарсы ұлт-азаттық күрес туралы жазған ғалымдарды коммунистік Мәскеу бүлік деп қабылдады және оларды лагерьлерге жіберді. Яғни, патшалық самодержавиенің саясатын, большевиктік ресей жалғастыра берді.

Қазақ тілінде білім беретін және оқытылатын балабақшалар мен орта мектептер жабылды. Сонымен, Республика астанасы Алматыда бір ғана жалпы білім беретін қазақ мектебі қалды. Елорда жергілікті тұрғындарды тіркеу үшін жабылды. Ақпараттық кеңістікте қазақ тілділер біртіндеп ығыстырылып, орыстілділерге орын берді. Тәуелсіздікке отыз жыл толса да, бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Кітап дүкендерін аралап, орыс тілді басылымдардың титулдық ұлттың шығармаларынан әлдеқайда жоғары екендігіне көз жеткізуге болады. Дәл сол жағдай теледидарда және басқа ақпарат құралдарында қалыптасқан.

Қызғылт көзілдірік шешілді

Ресей Федерациясы Президентінің жер силағыш «қайырымдылық» ишарасын дүркірей қолдаған «халық қалаулыларының» жамыраған шуы, көздегі бұлыңғыр пердені тек қазақтарда ғана шешіліп қоймай, өзбектер, қырғыздар, тәжік пен түркімендерді емес, Ресейде федерация болып отырған көптеген ұлттардың көздері ашыла бастады.

Революция кезіндегі: «мырза, жолдас, қожайын (господин, товарищ, барин) деп патшаға қарсы тұрғандардың лексиконынан тек қана «жолдас» деген түсіп қалды. Сол алтын погондылар, мырзалар мен тақсырлар қайтып келді. Сонда, Октябрь Революциясы нәтижесі жоқ болып, патшалық байлар мен империялық қоқан – лоқы ғана қалып тұр ғой. Сол кездегі: «Жер – шаруаларға, билік – халыққа, соғыс – жоқ!», -деп ұран көтерген халықты, енді қазақ жеріне көз алартып, алдасырату ма?!

БҰҰ ядролық қарумен қорқытып, мінберін туфлиімен ұрған «жүгеріші- шаруа» Никита Хрущевтің кезеңінен бастап не өзгерлі? Басына киген Мономах бөрігі ауырлығынан есі кетіп отырған билеушінің дәрежесін бір көтеріп қояйық деген саяси технологтардың қитұрқы әрекеттері неге әкеледі?

Осы уақытқа дейін, жан – жаққа қашуға дайын тұрған федерацияны, іште – кавказдық қауіп туралы арандатып, сыртта - Украина, Қырым, Грузия қаупі мен НАТО әскерлерінің жақындап қалғанымен елді қорқытып келді.  Бірақ, саясаткерсымақтар, халықтың көзі ашылғанын, ауылда да интернет желісі барын, дүниеде 5-ші техникалық революция болып жатқанын естен шығарып алды. Ал, Ресей болса ондаған жылдарға артта қалып барады.Тіпті, «А» мен «О» деп сөйлейтін русичтер ұрпағының өздері, билік пен шонжарларға ашу мен ызадан «ах» пен «ух» деп зығырданы қайнауда.

Ұзақ уақыт бойы қақпақпен жабылған бу қазандықтан шықпай қалды. «Өз еркімен қосылған» халықтар жақсылық күтіп, бірігуден шаршады. Путиннің: «бәрін бастарымен туалетке қадаңдар! - деп кавказдықтарға айтқанын, енді ешкім өз басына қалап отырған жоқ!

Барлығын ядролық чемоданмен және зымыран ракеталармен қорқыта беру, ендігіде күлкі тудыратын болды. Орыс армиясының жауынгерлік рухы туралы не айта аламыз, Кавказдықтарды РФ Қарулы Күштері шақырмайды. Шақыра қалса, олар казармада бәрін бықпырт тигендей қуалайтынынан қорқып отырғандарына қарап ойланбай ма?. Ресей қорғаныс министрлігінің Олимпінде әйел - генералдар. Бұлар, Наполенның Даву, Ней, Мюрат, Ланн сияқты, маршалдық жезлдерін қаһармандық пен айбындылығымен алғандар емес.

Қазақтар Ұлы дала батырларын, эпостық қаһармандардан: Алпамыс батырдан, Қобыланды батыр Ер Төстіктен бастап құрметтейді және еске алады. Сақ бабаларымыз Томирис - патшайымы, мен мәмлүктер мен Египеттің билеушісі Сұлтан Бейбарыс ұрпақтары екенін естен шығармайды.

Біз сондай-ақ түркілердің 16 ұлы империя құрғанын білеміз: Хүннүдің ұлы империясынан - Мөде, ғұндар империясы - Атилла, Селжукидтер. Батудың Алтын Ордасы, Тимуридтер Империясы (Тамерлан), Моғол империясы (Бабыр) және Осман империясы ХХ ғасыр.

Біз, бүкіл өмірін Ұлы дала үшін арнаған хандарымызды, билерімізді және батырларымызды еш ұмытқан емеспіз. Алашорда көсемдері: А.Бөкейханов, С.Аманжолов, Досмұхамедовтар, М.Тынышпаев, М.Шокай, Міржақып Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов пен «Халықтар көсемінен» қорықпаған Тұрар Рысқұловтар ел есінде. Ұлы Отан соғысында, Москваны аман алып қалған, қан майданда фашистердің зәрелерін алған айбынды азиаттар – қазақтар біз боламыз.

Ресейдің қазақ жерлерін бөлшектеуге деген амбициясы жаңа тақырып емес. Кеңес Одағын басқарған кезде Н.С.Хрущев Маңғыстау облысын Түрікменстанға қосу, Оңтүстік Қазақстанның мақта аймақтарын Өзбекстанға беру, Қазақстанның солтүстік аудандарын тың жер ретінде біріктіріп, Ресей Федерациясына беру идеясын ойластырды. «Тың аймаққа» 5 облыс кіреді деп жоспарланған: Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан. Бұл аймақты басқаруға Т.И.Соколов Мәскеуден жіберілді. Ол аймақты Ресейге беру үшін негіз дайындады және Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастады. Сол кезеңде, Қазақ КСР-нің министрлері кабинеті басшысы, Мәскеудің жоспарларына ашық қарсы тұрудан қорықпайтын қазақ халқының нағыз ұлы Жұмабек Тәшенов болды. 1960 жылдың күзінде ол «Тың өлкесінің» орталығы болған Целиноград қаласына ұшып келіп, Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының келесі жылға арналған бюджеті туралы мәліметтерді бермей саботаж жасап отырған Т.Соколовты 24 сағат ішінде Қазақстаннан шығарып тастайтынын ескертіп, «Тың өлкесі» ешқашан Ресейдің құрамына енбейтіндігін шегелеп тұрып айтады.

Әрине, осындай ашық қарсылықтардан кейін Тәшенов қызметінен босатылып, Шымкент облыстық атқару комитетінің орынбасары ретінде қызметі төмендетіледі. Бірақ, айтқанынан қайтпай, солтүстік облыстар мен Маңғыстау облысын бергізбеді!

Базбіреулер, батырлар мен ұлы тұлғалар бұрын болған деп айтуы мүмкін. Алайда, олар біздің арамызда әлі де бар екенін біліп жүріңіздер.

* Тоқтар Әубәкіров, қазақтың тұңғыш ғарышкері. Бірақ, ең алдымен, ол Кеңес Одағының Батыры атағын Солтүстік полюске тоқтаусыз ұшумен және 1989 жылы 1 қарашада отандық авиация тарихында алғаш рет МиГ-29К ұшағын, ауыр крейсер палубасынан, ауа райы қолайсыздығына қарамай ұшырғаны үшін алады.

* Сұлтанғабиев, Серік Ғазизұлы, 2014 жылдың 25 қыркүйегінде, граната лақтыру жаттықтыру кезінде, жарылған гранатадан сержантты өз денесімен жауып, көптеген жарақаттар алады. Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен полковник Сұлтанғабиевке әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін Ресей Федерациясының Батыры атағы берілді.

* Үмбетов, Қайрат Жарылқасынұлы, мерзімді әскери қызметшілермен бірге граната лақтыруды жүзеге асырған кезде 6505 әскери бөлімінің штаб бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тігіп, жас сарбазды денесімен жауып, оны ажалдан құтқарды. Қазақстанның халық қаһарманы.

* Капитан Ғазиз Байтасов. ..Қылмыскер тоқтап, айналасындағылардың бәріне: машиналарға, дүкендердің терезелеріне, адамдарға оқ жаудыра бастады. Ғазиз қылмыскердің қолында граната бар екенін білді, ол тұрғындарға төніп тұрған қауіпті ескеріп, ауыр жараланғанына қарамастан, ланкестің үстіне жата кетті. Жарылыс  Ғазиз Байтасов өмірін қиып, ол ондаған адамдарды құтқарды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Жарлығымен, оған Халық Хакарманы жоғары атағы берілді.

* «300 спартандықтар қажет емес». Бір қазақ жеткілікті. Тасболат Ибрашев, Тасболат Қазақстанда дүниеге келді, 1986 жылы анасымен бірге Астраханға көшті. Қолындағы пулеметпен, жалғыз өзі Грузия армиясының мотоатқыш жаяу әскерінің тұтас колоннасына қарсы тұра алды. Қақтығыстың одан әрі өрбуіне жол бермейді. Осы арқылы ол екі жақтағы жүздеген және жүздеген бейбіт тұрғындар мен сарбаздардың өлімінің алдын алды.

Қоғамның рухани дағдарысы - бұл империяның, мемлекеттің күйреуіне апаратын жол

Имперлік асқынушы Федоров, империяның мұрагері болуды қалауы жаңа құбылыс емес екенін білуі керек. Тарихта «үшінші Рим», Византия империясының мұрагері Константинополь деп аталғысы келетіндер көп болған.

913 жылы Болгариядан шыққан Симеон I император (патша) тағына ие болды, оның атауы: «Барлық болгарлар мен римдіктердің императоры және автократы».

1345 жылы Сербия королі Стефан Урош IV Душан өзін император (король) деп жариялады. Сербиялық империялық атақ «сербтер мен римдіктердің императоры» түрінде болды.

1453 жылы Константинополь құлағаннан кейін, II Мехмед өзін Кайсер-и Рум деп жариялады, сөзбе-сөз «Рим императоры». Мехмедте Византия империялық отбасынан шыққан тегі болған; оның алдындағы Сұлтан Орхан, Византия ханшайымын алған болатын.

«Мәскеу-үшінші Рим» тұжырымдамасын Псков Елеазаров монастырындағы Филотей 1523 жылдары хаттарында тұжырымдап, Мәскеу князін Ұлы Константин императорымен қатар қойған еді. Филотей былай деп жазды: “Екі Рим құлады, үшіншісі тұр, ал төртіншісі ешқашан болмайды”: екі Рим православие дінін сатқаны үшін жазаланды, содан кейін олардың орнын Мәскеу басты. Егер Мәскеу де күнәға батса, төртінші Рим болмайды, әлемнің ақыры болады».

Испания да, Грецияның Ұлы идеясында, Франция мен Германия да империя тағына үміткерлер болды.

Үшінші Рим - діни және саяси негізге негізделген идея. Ал, «Мәңгілік Рим» сондай мәңгілік болды ма? Ромул құрған Рим 12 ғасыр  өмір сүріп,476 жылы Рим империясының соңғы императоры Ромул Август тақтан бас тартты. Яғни, империя тарих сахнасынан кетті.

Көптеген зерттеушілер ұлы империяның не үшін жойылғанын ұзақ уақыт түсінгісі келді? Ағылшын тарихшысы Эдвард Гиббон ​: «Рим империясының құлдырауы мен құлау тарихы» деген еңбегінде, империя тарихын толық зерттей келе: «Біз бұл сұрақты қате қойып отырмыз. Мәселе осы ұлы империяның неге құлауында болмауы керек. Бұл: «неге соншама ұзақ ғұмыр кешкен? - деп сұрауымыз керек деді.« Империяның құлау себептерінің ішінде Гиббон, ​​бастысы - рухани құлдырау, элита мен азаматтардың сән-салтанатқа, байлыққа деген ұмтылысы деп санады.

Қоғамда маскүнемдік, некеден тыс қатынастар, бір жынысты некелер, отбасылық құндылықтардың құлдырауы, имансыздық, жалқаулық басым болды. Отбасылардағы балалар саны күрт азайып, көпбалалы отбасылар мазаққа айналды. Рим азаматтары әскери қызметтен қашқақтап және оның орнына жалдамалы басқа тайпалардың құлдарын жалданды. Лас қалалық мәдениет ауылға жетіп, іштен жей бастады. Әдебиетте, поэзияда, театрда және өнерде мәдениеттің жоқтығы, рухани құлдырау және зинақорлықты жоғарылату (азғындық). Абыройдың, батылдықтың орнын атаққа, сән-салтанатқа, байлық пен құмарлыққа ұмтылу иемденді.

Империяның күйреуінің басталуы- Римнің шарқындап дамып, гүлдену кезеңінде басталады. Егер, Рим тарихының алғашқы кезеңінде құны 10 фунт болатын күміс ыдыс үйінде болғаны үшін әйгілі сенатор өз орнын тастап кетуге мәжбүр болса, онда қоғамның келесі даму кезеңінде, халық трибуны Марк Друзенің жинаған ыдыстарының құны 10000 фунттан асып түсті. Диктатура мен императорлар кезеңінде Тит Петрониустың құны 350 000 алтын дана болатын шарап шөміші болған.

Яғни, қарсы келген дұшпандарын әрін талқандап, «мәңгілік Рим» атанған алып империя, дүниеқмарлық, атаққұмарлық пен азаматтардың рухани азғындауы салдарынан қирап, тарихта тек - пантеон,  помпей, колизей, триумфалық арка тәрізді сәулет өнері туындылары ғана қалды.

Бүгінгі Ресейге оралып, Филотейдің сөзін еске түсірейік: «Егер Мәскеу де күнәға батса, төртінші Рим болмайды. Бұл әлемнің ақыры ».

Ойланыңызшы, Ресей империясының қазіргі рухани азғындауы, күнә мен жиіркенішке белшеден батуы, ыдырау мен күйреудің алды емес пе?. Соғыстан кейінгі «салқын соғыс», Ален Даллестің КСРО-ны іш жағынан рухани аздырып, ыдыратуға арналған жоспары іске асты емес пе. Қоғамның рухани құлдырауы, империяның жойылуына әкеледі. Жоғарыда суреттелген Рим қоғамыныың азғындауы, бүгінгі Ресейге ұқсамай ма? Алкогольді ішу, суицид, балалар арасындағы қылмыс және жезөкшелік,  көшеде тентіреген балалар. Қиыр Шығытағы аймақтар емес, Ресейдің орталық облыстарында,тіпті Мәскеу облысында,ы селолар жаппай босап жатса, халық саны бір жылда 300 мыңнан астам адамға демографиялық азайып жатса. Ата-апалары, ата-аналары мен балалары күніге бір дастарханда отырып, самогонсыз тамақ ішпейтін деңгейде болса, ондай империядан не хайыр?

Антиколог Е.В.Федорова империялық Римді зерттей келе: «Ежелгі Римді бірде-бір сыртқы күштер жоя алмады, ақырында ол милитаризм мен құлдықпен жойылды деп тұжырымдаған еді. Яғни, милитаризация, «посейдондар», «Кинжалдар» мен «Циркондар» Ресейді құтқара алмайды. Ресей, өз қоғамына қамқорлық жасап, мәдениет, ғылым, дәстүр, сенімді дамытып, қоғамды түзей алады. Өмірлерінде шіркеуге үш рет барып (шомылдыру рәсімінен өту, неке қию, жерлеу), сонымен бірге Пасханы тойлау,  сенім емес.

«Ресей жерін жинаушылардың» жалынды ұрандарынан кейін не күтуге болады?

Ресей Федерациясында орыс әлемінің бұл «қамқоршыларын» ешкім қолдамайды деп айтуға болмайды. Күнделікті ішімдікке салынып, ғибадатханаға баратын жолды ұзақ уақыт ұмытып кеткен, адамгершілік, қайырымдылық, жанашырлық туралы түсініктері жоқ орыс халқының бір бөлігінің санасында орыс емес халықтарға деген жеккөрінішті көзқарас әлі де сақталған. Олар үшін орыс еместер: қара кө..ендер, малдар, бабайлар, қысық көздер. «Адамша сөйле, орысша!» деп айтатындар. Федоров не дейді: «орысша сөйлеп отырсың, ендеше сен – орыссың!». Сонда, бірнеше әлем тілін білетін адам қай ұлттан? Бұл, ауыру ма әлде сау адамның сандырағы ма? Әрине, орыс еместер мұның бәрін ескереді

Не болды және не болады?

Көп ешқандай өзгеріс бола қоймайды. Ресей, қазіргі жерін игеріп ұстай алсын. Кубиктермен ойнап отырған балаларға қарап отырсаңыз, оларды бірінің үстіне бірін қоя береді, қоя береді. Бесіншісі, алтыншысы не жетіншісінде жинағандарының бәрі шашылып, құлайды. Мұнда да сол сияқты. Артық дүние тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Ендігіде, Ресейге ислам әлемімен, рухани және экономикалық қарым-қатынасын күшейтуі керек. Мұсылман әлемінің бір бөлігі болып табылатын Қазақстанға қоқан – лоқы көрсетіп, дүниедегі барлық радикалдық – террористік топтардың назарын өзіне аударып, оларға шапалақ бергендей. Әрине, ендігіде Ресейді таратуға мүдделі сыртқы күштер сылтау тауып, діннің атын жамылып, діни соғыс отын Ресей федерациясына ауыстыруға тырысуы мүмкін. Бұл бәріміз үшін қауіпті.

Бүгінгі қазақстандық қоғамын да рухани болмыс мәселелері мазалайды. Батыс «мәдени төңкерісі» Ресей арқылы өтіп, Далаға еніп кетті. «Қырғи қабақ соғыстан» жеңілгеннен кейінде ұлы коммунистік империя күйреді.

Эротика, порно, сәнқұмарлық елді басып - бикини қаншалықты аз болса, соғұрлым жақсы, эмансипация, феминизм сияқты анайы ұғымдар қалыптаса бастады.. Міндетті емес азаматтық неке отбасылық құндылықтарды бұза бастады. Тек жусанның иісі аңқитын Дала, есірткімен, алкогольмен толтырыла бастады. Жезөкшелердің өкшелері көшелерімізде еркін өкшеледі. Алкогольдік ішімдіктерді тұтыну бойынша біз Орталық Азияда бірінші орындамыз және «Еуразиядағы алғашқы топтамыз. Суицид пен сотталғандар саны бойынша біздің рейтингіміз одан да жоғары. Жұмыссыздық пен кедейлік урбанизацияланғандардың санын арттырып, халық қалаларға ағылып, люменстендірілді (бізді Ресейдегі көптеген адамдар, қазақтар әлі күнге дейін киіз үйде тұрады және түйеге мінеді деп ойлайтынын білеміз).

Бір нәрсе қуантады. Жастар жақсы білім алуға ұмтылады. Сарыағаш медресе колледжінде алты адам бір орынға таласуда. Білімі мен адамдық қасиеттерін осындай медреселерде қалыптастырған жеткіншектер, болашақта еліміз бен әлемнің ең үздік жоғары оқуларын тәмамдап, Отанына қызмет жасайды.

Жастар негізінен алкогольден, нашақорлықтан, қылмыстан аулақ болып, мешіт жамағатының 90% құрайды. Қалаларда Жұма намазында  мешіттерге сыймай, Мәскеудегідей аулаларда және көшелерде намаз оқиды.

Тәуелсіздік жылдары 50 мыңнан астам «көшпенділер», «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік университеттерінде батыстық білім алып, елінде қызмет атқаруда.

Ресейлік элитаның шабуылына жауап ретінде қазақ қоғамы қандай алғашқы қадамдар жасай алады:

  • Ол, ең алдымен, рухани, патриоттық тәрбиені қолға алуы мүмкін. Мүмкін, Ресей Федерациясының Президенті сияқты, Қазақстан Президенті Қазақстанның рухани дамуы мәселелерімен айналысуға құрылған қоғамға қамқоршы болады;
  • «Байқоңыр» космодромын жалға беру шарты қайта қаралуы мүмкін (Байқоңыр космодромы мен қала аумағы 6717 км². Ресей Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған);
  • Қазақстан территориясында әскери полигондардың орналасуы қайта қаралуы мүмкін;
  • Сондай-ақ, «казбат» негізінде (Францияның шетелдік легионына ұқсас) шетелдік легион құруға болады. Қазақстандық әскери корпусқа басқа аймақтарда және соғыс ошақтарында практика жүзінде әскери дайындықтан өтетін әскери мамандар қажет;
  • Қазақстандық, өзінің көп векторлық сыртқы саясаты орындарын өзгертуі мүмкін. Егер, осыған дейін Ресей бірінші позицияда болса, енді ол артқа шегінуі ғажап емес. Бірінші позицияларды бауырлас халықтар: қырғыздар, өзбектер, түрікмендер, тәжіктер, әзірбайжандар, шешендер, ингуштар, дағыстандықтар және бұрынғы КСРО-ның басқа халықтары алады. Содан кейін - барлық түркі халықтары, оның ішінде бірінші кезекте Түркия. Олардың артында арабтардың және бүкіл мұсылман әлемінің қалауы жатыр;
  • Қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын көрген халық біртіндеп бірігіп, ұлттық идеяны дамытады. Ол: білім, сенім, мәдениетті сақтау және халықтың ежелгі дәстүрлері платформаларына негізделмек. Бала кезінен иман негізінде тәрбиеленген жастар әлемдегі ең жақсы мекемелерде білім шыңдарын бағындыруға тырысады. Ата-аналарын, руханилықтың жоқтығы, алкоголизм мен нашақорлық батыстық моральдың әсері мазалайтын болады. Жастардың ұраны: «Ұлт үшін және халықтың игілігі үшін!» болмақ;
  • Мемлекеттің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу үшін түрік моделін қабылдауға болады. Балабақшалардағы зайырлы мемлекет ұстанымын сақтай отырып, балалар ислам діні құндылықтарымен тәрбиеленуі. Балалық шақтан бастап оларға жақсы мен жаманның (халал мен харам), жақсы мінез, қайырымдылық, ата-ананы құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты ұғымдар сіңірілмек.
  • Намаз оқуға, Жаратушының міндттеген парзаларын орындауға шақырумен айналысқанларға деген көзқарас өзгеруі мүмкін (Таблиг Жамағатқа (қазіргі кезде «Дагатчиктерге»). Мүмкін, оларға ҚМДБ алшақтамау және қарапайым жамағат сияқты имамдармен бірлесе дінге шақыру мен қайырымдылық шараларына көмектесу шарттары қойылар;
  • Дін пәні, ислам құндылықтарына негізделген рухани тәрбие мектептердің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының бастауыш сыныптарынан бастап енгізілуі мүмкін. Балигат жасына жеткенде қыздарға орамал тағуға рұқсат етілуі мүмкін. Білім берудің екінші кезеңінің басынан бастап. (I-ші: 1-ден 4-ке дейін; II-I: 5 - 9 сыныптар; III-I: 9 - 11 сыныптар). Қыз балалардың орамал тағуларына, Қазақстан ғана емес, бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінде де, Москваның талабымен тыйым болған сияқты;
  • Жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде және университеттерде жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне баса назар аударылатын болады. Бұқаралық спортты, «Зарница», «Дала Қырандары» сияқты әскери ойындарымен жалпылай қамту талап етілуі мүмкін.
  • Қазақстан қарулы күштерінде әскери қызмет атқару борышы, бәріне бірдей міндеттеледі. Әскердегі қызмет мерзімі ұлғаюы мүмкін;
  • Орта мектептердің жоғарғы сыныптарында, колледждердің, университеттердің, әскери және ішкі істер министрлігінің академияларында: рухани білім, ақпараттық технологиялар және ақпараттық соғыс міндетті курстары енгізілуі мүмкін.
  • Кәсіпорындарда, ұйымдарда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде саяси білім енгізілуі мүмкін (КСРО-дағы «Білім қоғамы» сияқты агитпроп жұмыс).
  • Идеологиялық, үгіт-насихат қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, оларды оқыту мен біліктілігін арттыру курстары ашылуы мүмкін;

Осылайша, Ресей халық қалаулыларының шабуылдары, халқымыздың оянуына, бауырластық құшағынан босатылуына және күш-жігерін қауіпсіздікке, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге және Ұлы Даланың болашағының өркендеуіне бағыттамақ.

Мирхат МАДИЯРОВ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы,

тарих ғылымдарының кандидаты

Пікірлер