Сынып жетекшісіне 100 мың теңге беру керек

2643
Adyrna.kz Telegram

Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласында белсенді мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында түрлі ұсыныстар айтылды, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Oinet.kz тілшісіне сілтеме жасап. 
Министрмен болған жиында Айбар Абайұлы есімді белсенді мұғалім министрге сынып жетекшілігі үшін берілетін ақының көлемін көбейтуді сұрады.

«Сынып жетекшінің еңбегін 10 мың теңгеге бағалау дұрыс емес. Сынып жетекші әрбір оқушымен, әрбір ата-анамен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сынып үшін қаншама жұмыс жүргізеді. Тәрбие сабақтарын ұйымдастыру, сынып есебін тапсыру т.б. толып жатқан жұмыстары бар. Сынып жетекшінің жалақысын кемі 42500-ден 100 мыңға дейінгі аралықта көтеру қажет», – деді Айбар Абайұлы.

Министр жиынға қатысқан әр мұғалімді мұқият тыңдап, соңында біреуінің де айтқанын қалт жібермей, жетік және егжей-тегжейлі жауап берді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер