Әлімхан Ермековті ұмыта бастадық

2800
Adyrna.kz Telegram

Тарихты ұмыта бастасаң, ол қайталана бастайды. Міне, бізге тарих ілімі не үшін керек! Әлімхан Ермеков Қазақ жерлерінің тұтастығы үшін Кремльде асқан ерлік пен табандылық танытып, сол кездегі Орталық Партия Комитетіне жақ аштырмастан дәлелдей сөйлеп, Жеріміз бен Еліміздің шекаралық бөлінісіне ерекше атсалысқан Ұлттық Батырымыз!

Ал айта берсек, қазіргі "Нұрсұлтан" қаласында оның атында бір орам көше де жоқ! Есесіне, қарапайым псевдоқайраткерге зәулімдеп ескерткіш те қойып үлгердік!

Жарайды, бұл тақырыпты тарихшылардың қарауына қалдырайық, екі тақырыпты да өздері саралай берер.Біз қазір олигархиарды, олардың шынайы тарихына да үңіле қарауды ұмытып барамыз: "Ойбай, президенттің командасында екен, қаржысы мол көрінеді," тағы сол сияқты көзімен көргендей болжамдар лақтырып, көлеңке ізден қорқа береміз.

Сондай атақ - лауазым мен мол қаржы иесі - Александр Машкевич деген азамат! Мен оның Қазақстандық азамат болғанына да күмәндімін. Әлемдік еврейлер одағы (додасының) мүшесі, біздің Қазақ билігіне ықпалы өте зор екендігін бәріміз білеміз!

Ал сол әлемдік "Бейбіт одақ" ортанқол мемлекеттерге не жоспар құрып отыр, пиғыл - мақсаттары қандай, мән бере бермейміз.

Ендеше, назар сала отырыңыздар!

Өз ортаңызбен, қалың көпшілікпен бөлісіңіздер! Бәлкім, олардың басқаша ой-пікірлері бар болар.

Бабарахым КЕНЖЕҒАРАЕВ,

әлеуметтік желідегі жазбасынан. 

Пікірлер