ДУМАН БЫҚАЙ: Одақтасының кемсітуіне көнген біздің билікте мінез жоқ

3437
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы орыс диаспорасы Навальныйға азаттық акциясын ұйымдастыратын жөні бар еді. Өкініштісі біздегі орыстілді аудитория комада жатыр, комада. Оларға ештеңе керегі жоқ. Біздегі саяси өзгеріске тежеу болып отырған да осы аудитория.  Ресейдегі Пушкин алаңы аузы-мұрнынан шығып тұр. Жастар көп. Дәл қазір Дождь телеарнасын тікелей эфирде 418 мың (!) адам тамашалап отыр.

Батьканың басына туған күн Путинге де келді. "Путин вор! Раз, два, три Путин уходи!..". Халықтың ашуы кемеріне келіп, асып төгілуге шақ тұр.

Путиннің зәулім сарайы туралы Навальныйдің видеосы 68 млн рет қаралыпты. И это еще не предел.

Юля Навальнаяны алды-артына қаратпай дедектетіп отырып автозакқа бір-ақ тықты. Алаңдағы Навальныйдың анасын да қамауға алды дейді.

Осындайда Кремльге қарымта қайтаруды ойластыру керек еді. Біздің Сырқы істер министрлігі "Навальныйдың қамалуы заңсыз" деп аз-мұз наразылық танытып, өзге өркениетті елдер секілді өз позициясын білдірсе еш сөкеттігі жоқ. Әй, бірақ... мұндайға бармасы бесенеден белгілі. Әншейін фантазия ғой. Одақтасының кемсітуіне көнген біздің билікте мұндай мінез жоқ.

Алаңға шыққандардың арасында патшалық Ресейдің туын ұстағандар жүр. Орыс халқының бойындағы имперлік пиғыл әлі жоғалған жоқ. Шым-шымдап шығып болғанша қанша уақыт өтері белгісіз. Путин осы патологияны жақсы біледі, сол себепті халықтың көңіл-күйінде ойнайды.

Ағылшын тілінде trust network деген түсінік бар. Қазақшасы "сенімді адамдардан құралған топ" дегенді білдіреді.  Ресейдегі және біздегі саяси жүйе осыған құрылған. Әйтпесе Ғабидолла Әбдірахымовтың мәдениет вице-министрі болуы ешқандай логикаға сыймайды. Ол trust network-тің тізіміне енген. Айналып жүре береді, жүре береді.

Пікірлер