Көпбалалы аналар бас көтерді

2449
Adyrna.kz Telegram

Өскемендік көпбалалы аналар да отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасына наразылықтарын білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның 

">"Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қала әкімдігіне барған аналар жаңадан сайланған депутаттарға үміт артып келіпті. Алайда депутаттар пікірлеріңді "бізге жазып әкеліп беріңдер" деген, ашуланған көпшілік пошташының қызметін атқармаңдар деп шарт қойды. Өтініш иелері бірнеше күн бойы жалынып жүріп, әрең дегенде әкімдікке кірген. Ал депутаттардың бірі тіпті "түскі асымызды ішкізбедіңіздер" деп өкпелеп қалған.

Көпбалалы аналар талқыланып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға байланысты депутаттармен кездеспек болғанына бірнеше күн болған. Жиналғандардың айтуынша, алғашында, мәслихаттың бірінші сессиясы наурызда өтетінін айтып, депутаттар кездеспеуге тырысқан. Бірақ түрлі сылтау айтылғанына қарамастан аналар шенеуніктерді кездесуге көндірген. Қойған талаптары да - біреу, бұл заңды қабылдатпау.

"Біздің мемлекетімізге керек емес заң. Әңгіменің қысқасы осы. Оны талқылай беретін, талқылай беретін, бір-бірімізге жазып апаратын емес", - деді "Үйлесім" аналар қоғамының жетекшісі Гүлжамал Бершімбекова.

Гүлжамал Бершімбекова сенім артып келген депутаттары ұсыныстарыңды жазып әкеліңдер дегеннен кейін осылай күйінді. Өтініш иелерінің бәрі де "егер өзіміз жазсақ, депутаттардың керегі не" деген сауалды депутаттардың өзіне қойды.

"Жазыңыздар ұсыныс біз ары қарай жібереміз дейсіздер. Сонда сіздер пошташының қызметін атқарып отырсыздар ма?! Сіздер, біз неге халық әркез болып біткеннен кейін шулайсыздар? А осылай екен ғой деп. Сонда қалай?", - деді көпбалалы ана Гүлнар Майемерова.

Пікірлер