Итті көлікпен сүйреген жүргізушінің видеосы тарады

2688
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде итті көлікпен сүйреген тағы бір жүргізушінің видеосы тарады. Бейнежазба Instagram желісіндегі Inucobo зоологиялық қорғау ұйымының парақшасында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға Ақмола облысына қарасты Қоянды ауылында болған. Жануар қорғаушыларының бірі бұл жағдайды байқап қалып, полицияға арыз берген.

Ақмола облыстық полиция департаменті итті көлікпен сүйреген адамды іздеп тапты. Ол Қоянды ауылының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кетейік, заңда жануарлардың жарақат алуына немесе өлуіне әкелетін кез келген қатыгездік үшін айыпталушыға 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер