Мұржаның тазаланбауынан екі адам қайтыс болды

1884
Adyrna.kz Telegram

19 қаңтар күні сағат 09: 30-да Аягөз қаласының Серғазин көшесіндегі жеке тұрғын үйден  32 жастағы әйелді, сондай-ақ 2008 және 2013 жылдары туған екі ұлымен  мен 2015 жылы туған қызын туысқаны  тауып алды. Әйел адам оқиға орнында көз жұмса, үш бала ауруханаға жатқызылды. Біраз уақыттан кейін 2008 жылы туған ұлы ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта екі бала ауруханада жатыр. Оқиға орнында өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Жазатайым оқиғаның болжамды себебі пештің тазаланбаған мұржасынан шыққан улы газбен улану болуы ықтимал. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы тілшісіне Қазақстан Республикасы  Төтенше Жағдайлар Министрлігінің  ресми өкілі Талғат Уәли  мәлімдеді.
Құтқарушылар улы газды сезу өте қиын екенін атап өтті, өйткені оның түсі де, иісі де жоқ. Уланып қалмас үшін пеш жабдықтары мен желдеткіштің жай-күйін үнемі бақылау керек. Пешті пайдаланар алдында әрқашан тартқышты тексеріп, абайлап жағу керек.

Төтенше Жағдайлар Министрлігі улы газдан қорғаудың басты тәсілі, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау екенін ескертеді, атап айтқанда:
- қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде пеш қалыпты тарту үшін түтіндікті жаппаңыз;
- мұржа және пешті жиналған күйеден түрақты түрде тазалап отыру қажет (кем дегенде екі айда бір рет);
- жанып жатқан жылыту пештерін қараусыз қалдыруға болмайды;
- отын пештің сыртына шығып тұрған жағдайда оны тұтатуға болмайды;
- пештің мұржасын жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізіп отырған абзал.

"Адырна" ұлттық порталы

фото ашық дереккөзден алынды

 

Пікірлер