Қазақтың ұлттық бренді не?

2941
Adyrna.kz Telegram
Қанша тілді меңгерсеңіз де, қанша елдің мәдениетімен таныссаңыз да, бәрібір өзіңіздікіндей болмайды. Біз осыны естен шығармауымыз керек екен. Жас кезде адам қызыл-жасыл дүниеге қызыққанмен, өсе келе, бәрібір өзінікіне оралуы керек. Есейіп, ұлғайғанда оралайын десе де, орала алмай, қиын болады. Ондай адамдар тамыры суалған ағаш сияқты. Ерте солады. Ұрпағы жат елдік мәдениетке әуес келсе, көктемей жатып, солу деген сол болар...
Біліңіз, таныңыз, алыңыз әлемнен керегіңізді. Тек оны төл мәдениеттен жоғары санауға болмайтынын естен шығармауымыз абзал.
Мультимәдениетті білген жақсы, бірақ төл мәдениет пән дәстүрді бәрінен биік қойған одан да жақсы.
Мысалы, мен үшін май шайқау - теңдессіз этнохобби. Осы май шайқап, құрт қайнатуға деген қызығушылығымды ештеңе ауыстыра алмайды екен. Сосын қарын үрлеу, оны май салуға, қатық салуға дайындау процесі.
Жалпы алып қарасақ, бұл тұтас бір процесс. Май дұрыс шайқалмаса, жеуге жарамсыз болып қалады, қарынға дұрыс салынбаса да.... Қазы мен шұжық айналдыру да солай. Осылай жалғаса береді.
Мультипроцесте nationalбренд ретінде нені ұсынуға болады деген ой мені алысқа жетелеп кетті.
Қазақстанның балы, төбет иті, маралдың мүйізі, қымыз т.б. осылардан басқа осы уақытқа дейін әлі айналымға ене қоймаған тағы қандай ұғымдарды ұсынар едіңіз?
Арай ЖҮНДІБАЕВА,
философия (PhD) докторы,
лингвист, әдебиет зерттеушісі
Пікірлер