Тазы мен төбетке құрмет. Қазақстанда жаңа мереке енгізілмек

1167
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің құрметіне арнайы мереке белгілеуді ұсынды. Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мереке күндерінің тізбесі жаңа тармақпен толықтырылады.

"11-1. Қазақтың ит тұқымдары күні – үшінші қыркүйек болады", - делінген құжатта.

Министрлік бұл бастаманың ұлттық мәдени мұраны, тарих пен дәстүрлерді насихаттауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мереке аясында дәрістер, семинарлар, көрмелер және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылып, қазақы ит тұқымдарының ерекшеліктері мен күтімі туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, бұл шаралар туризмнің дамуына үлес қосып, кинология саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

Министрлік селекционерлер, кинологиялық ұйымдар мен әуесқойларға тәжірибе алмасу және көрмелерге қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер