Қуаныш Жұмабекұлы: «Теолингвистикалық сөздік» жасадық

1061

Теолингвистика (грекше theos – құдай, латынша lingua – тіл) – қазақ тіл білімінде тіл мен дін салаларын ұштастыра зерттейтін жаңа әрі енді қарастырылып жатқан бағыттардың бірі. Теолингвистиканың дербес ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы мен дамуына И.В.Бугаева, А.К.Гадомский, В.И.Постовалова сияқты ғалымдардың біршама үлес қосқаны белгілі. Теолингвистика терминінің ең алғаш рет 1976 жылы лингвистикалық еңбектерде қолданылғаны айтылады. Н.Н.Глубоковский өзінің «Греческий язык Нового Завета в свете современного языкознания» (1915) атты еңбегінде теологтар мен тіл мамандарының бірлесе жұмыс істеу қажеттігін былай деп атап көрсеткен болатын: «В частности, новозаветный язык служит для нас ярким свидетелем исключительной эпохи, знаменательной сколько в религиозном, столько и в языковом отношении, когда общенародная греческая речь, становясь орудием распространения благовестия Христова, делается литературно-правоспособною, закрепляется в авторитетном письменном слове и начинает новое литературное творчество, которое во всем своем течении отсылает к своему исходу и требует всецелого познания его. По всем этим причинам изучение греческого библейского языка должно быть неотложною и плодотворною научною задачей и для богословов, и для филологов в равной степени и при дружном взаимном сотрудничестве, чуждом печально господствующего разъединения» [1]. 1981 жылы теолингвистика терминін белгиялық тілші-ғалым Жан-Пьера ван Ноппен қолданады (Noppen J.P. van (ed.), Theolinguistics, (Studiereeks Tijdschrift Vrije Universiteit Brussel. Brussel, N.S.8, 1981). И.В.Бугаева болса «Благодаря Кембриджской языковой энциклопедии Д. Кристела термин «теолингвистика» получил особую популярность [Crystal 1993]. Вскоре А. Вагнер использовал его, выступив в 1999 г. с докладом Теолингвистика? – Теолингвистика! (Theolinguistik? – Theolinguistik!) на ежегодном 32-м Лингвистическом коллоквиуме, проходившем в Касселе. Он сравнил этот термин с уже устоявшимися в лингвистике терминами «социолингвистика» и «нейролингвистика» и определил предмет и задачи теолингвистики [Wagner 1999]. В 2008 г. в Германии вышел 1-й том серии «Theolinguistik». На сегодняшний день издано их уже 5 и образована международная рабочая группа по теолингвистике» [2], – дейді. А.К.Гадомский теолингвистика терминінің төмендегідей анықтамасын береді:

Во-первых, теолингвистика – это наука светская, наука наднациональная, наука надконфессиональная, наука линвистическая.
Во-вторых, она должна разделятся на общую и частную теолинвистику. Частная теолинвистика должна исследовать проявления конкретной религии или проблемы в языке, общая должна заниматься универсалиями.
Во-третьих, теолингвистика может быть теоретической и прикладной.
В-четвертых, теолингвистика может быть синхронной и диахронной. Синхронная теолингвистика должна изучать процессы, происходящие в языке и обществе в настоящий момент, абстрагировавшись во времени, диахронная – изучением тех процессов и изменений, которые произошли в процессе исторического развития.
В-пятых, теолингвистика может быть историко-типологической. Ее целью является изучением типологии теолингвистических явлении в их историческом развитии. Теолингвистика может быть сравнительной и сопоставительной. [3].

ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» жобасының 4.12 тармағына сәйкес «Кирилл және латын графикаларында теолингвистикалық сөздік» жасалды (Жауапты редакторы: PhD Жұмабек Қуаныш Жұмабекұлы, жауапты шығарушы: ф.ғ.к. Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы, авторлары: ф.ғ.к. Мұхитдинов Рашид Сражұлы, PhD Жұмабек Қуаныш Жұмабекұлы, докторант Сейдамат Әсел Қазбекқызы). Сонымен қатар аталмыш сөздіктің жасалу барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. Фазылжанова Анар Мұратқызы, ф.ғ.д., профессор Уәли Нұргелді Мақажанұлы, ф.ғ.д. Гаркавец Александр Николаевич, ф.ғ.д., профессор Манкеева Жамал Айтқалиқызы және т.б. ғалымдардың ұсыныстарының қамтылғанын айта кеткен жөн.

Бұл сөздікте қазақ тіліндегі діни еңбектер мен әдеби шығармаларда, сондай-ақ діни сайттардағы мәтіндерде қолданылған тек Ислам дініне қатысты лексикалық бірліктер жинақталып, сөзтізбеге алынды. Сөзтізбеге алынған сөздердің кирилмен қатар латынша нұсқасы да ұсынылды. Сөздікте 600-ге жуық сөз қамтылды. Сөздік мақалалардағы атау сөздердің (бірнеше варианты бар сөздің әдеби варианты атау сөз ретінде алынды) анықтамалары, түсіндірмелері, этимологиялық белгісөздері, дәйектемелік материалдары нақ әрі жүйелі берілді.

Зерттеу нысанымызға алынған діни сөздердің басым бөлігі – жалпыхалықтық қолданыстағы діни сөздер. Сөздікке ауызашар, аян, кебін, күнә, парыз, пейіш, садақа, рух және т.б. қолданылу жиілігі жоғары сөздер енді.
Сөздікте аттеисттік идеология кеңінен насихатталған кеңес дәуірінде халқымыздың актив сөздік қорынан шығып, лексикалық жүйенің перифериясына жылжытылған жамағат, жәми мешіт, харам, халал сияқты сөздер қамтылды. Бұларды қайта оралған сөздер деп айтуға болады.
Сөздікте зәту ирқ, зимми, ирада, иснад, қасуа, муаззин, михраб, мубах, нифас, памдат, фирдаус, фитра сынды діни дикурстағы діни сөздер де орын алды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық-саяси және мәдени өзгерістер орын алып, діни лексемалардың кеңінен қолданылу динамикасы арта бастады. Алайда діни ұғымдар мен сөздердің тар мағынада қабылдануы да байқалады. Мысалы, кейбір тіл тұтынушылар «жиһад» сөзін «басқаларға қарулы соғыс жүргізу» деп қана түсінеді. «Жиһад» сөзінің көздеген мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету, қиыншылықтармен күресу, адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, жақсылықты жаю деген мағыналарын да ескерген дұрыс. Сөздікте осындай қоғамның рухани өмірін белгілейтін діни сөздерді қалпына келтіру де көзделген.
Қорыта айтқанда, «Теолингвистикалық сөздік» алғаш рет жасалып отыр. Жақсы бастама жалғасуымен бағалы. Бұл еңбектің қоғамға тигізер пайдасы зор деген сенімдеміз.

Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
1) https://azbyka.ru/otechnik/Nikolaj_Glubokovskij/grecheskij-jazyk-novogo-zaveta-v-svete-sovremennogo-jazykoznanija/
2) Бугаева И.В. Теолингвистика: теология + лингвистика? – Москва: Российский государственный аграрный университет МСХА им. К. А. Тимирязева, 2015 жыл. 293 б.
3) http://sn-philol.cfuv.ru/wp-content/uploads/2016/12/gadomskiy_12.pdf

Қуаныш Жұмабекұлы
«Лингвистика» мамандығы бойынша
философия докторы (PhD),
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

Пікірлер
Редакция таңдауы