Санасы отарлықтан құтылмаған елде, револиция болса, ол ел қоқыс жәшігіне айналады екен....
Египет алтын мен жерге, қазба байлыққа бай ел!
Тәуелсіздігін біздің елден ертерек алсада(1954), мемлекетінде тұрақтылық жоқ, халқының жағдайы өте нашар!
Халқы отыз жыл билеген Мубаракты мақтап, соның басқару кезінде бізде ақша көп еді, соңында революция болып содан қанша Президент ауысты аяққа тұру, экономиканы көтеру қиын болып жатыр деп отыр!
Революция не үшін болды десем, Мубарак кәртиген соң екі баласының бірін орнына қалдырғысы келді дейді, ал біреулері қол астындағы шенеуніктер тойынып жемқорлық өршіп билікке өздері отырғысы келіп революцияны өздері ұйымдастырды дейді. Не керек бір емес, бірнеше революция көрген ел алға емес, артқа кеткен.
Қалтасы толған бүкіл жемқор шенеуніктердің бәрі Лонданға қашқан. Ал елдегі қара халық қайыршылардың күнін әлі кешіп жүр...
Жалпақ тілде айтқанда Египет-Үлкен қоқыс жәшігіне айналған!
Біздің билік Египеттен сабақ алсын!
Әсіресе өз орындарынан қимылдағысы келмей отырған кейбір жемқор шенеуніктерден Елбасы ертерек құтылу керек деп ойлаймын!
Ал шенеуніктерге айтарым өз қарабастарыңды ойлап, екі ортада жүгіре бермей, халыққа қызмет етіңдер! Екі кеменің басын ұстағандар суға кетіп қалуларың мүмкін!
Қарапайым халық билікке шығуды аңсамайды, адам сияқты өмір сүруді қалайды!
Жоғарыға өңкей қашып кететін жағымпаздарды жинай бермей, халыққа шынымен қызмет жасайтын патриоттарды жинау керек!
Жағымпаздар өскен сайын, елдің дамуы өшеді!
Мемлекет жер өзіміздікі оның дамуы бәрімізге ортақ!
Біреу алаңға ұрандап шықса ойбай батыр екен деп ерудің де қажеті жоқ!
Әрбір айқай шудың артында дирижер тұратынында ұмытпайық халқым!
Ол дирижер айқай шуды әдейі ұйымдастырмайды, оған да билік керек!
Жемқорлық пен заңсыздық күрес жолында, эволюцияны таңдағанмын!
Сіздерге де эволюциялық жолды таңдауды ұсынамын!
Шенеуніктерді заңды түрде жұмыс істеуін талап ету өз қолымызда!
Мемлекет халықтан құралады, шенеуніктер халыққа қызмет етушілер осыны ұмытпайық!
Фото ашық дереккөзден алынды.